О ходе выполнения Указа Президента Республик Казахстан , имеющего силу закона, "О медицинском страховании граждан" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заң күші бар Жарлығының орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы мәслихатының 28.09.2004 № 102 шешімімен. Міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық бөлімшесінің директоры Ә. Қ. Беркінбаевтің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заң күші бар Жарлығының орындалу барысы туралы» баяндамасын, облыстық Мәслихаттың бәләм, мәдениет, тілдердің дамуы, тұрғындардың денсаулығын қорғау, ғылым және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т. К. Кәрімовтың осы мәселе бойынша қосымша баяндамасын тыңдап әрі талқылап, облыстық Мәслихат міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесі міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі бірінші кезектегі шаралар Бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған белгілі бір ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгенін атап көрсетеді. Мәндетті медициналық сақтандыру қоры 1996 жылы халықтың 85,6 процентін сақтандырды, меншіктің барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен және атқарушы өкімет органдарымен 3474 келісім-шарт жасалды. Өткен жылы қор бөлімшесі 309,371 млн. теңге жинады, бұл жоспарланған төлемдердің 33,3 проценті. Жұмыс берушілерден 279,5 млн. теңге жиналды, бұл жиналған барлық сақтық төлемдердің 90,4 процентін құрайды. Қорға төлемдер, айыппұлдар және өсімдер түрінде барлығы 311,837 млн. теңге түсті, одан емдеу-профилактикалық мекемелерге медициналық қызметтер көрсеткендері үшін 260,232 млн. теңге немесе барлық жиналған қаржының 83,4 проценті төленді. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жұмыс берушілермен атқарушы органдардан 103257,6 мың теңге сақтандыру сомасы түсті. Сонымен бірге қор бөлімшесінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Жарлығын орындау жөніндегі жұмысында бірқатар елеулі кемшіліктер мен шешілмеген проблемалар бар. Медициналық сақтандырудағы негізгі қаржылық құрал коэфициенттің салмақты есептей отырып міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлімшесі мен емдеу мекемелері арасында осы кезге дейін тарифтік /баға белгілеу/ келісімдері талданып жасалмаған. Аурудың әртүрлі түрлі бойынша ақы төлеуге мүмкіндік беретін медициналық-экономикалық стандарт жоқ. Міндетті медициналық сақтандыруға сақтық төлемдерін жинау жоспары 59,4 процент болып жүзеге асырылды. Жекелеген аудандарда төлемдердің түсу деңгейі облыстық орташа көрсеткіштен едәуір төмен. айталық, өткен жылы Бөгеткөл ауданында мүндетті медициналық сақтандыру қорына болжанған қаржының 15,9 проценті ғана, Шалқарда – 25,5 проценті, Мұғалжарда – 30,7 проценті түсті. Міндетті медициналық сақтандыру қорының негізгі бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен жұмыс білмейтін тұрғындар үшін сақтық төлемдерін жинау жоспары орындалмай қалып. Мәселен, 1996 жылы жұмыс істемейтін тұрғындар үшін 29,8 млн. теңге сомада ғана міндетті төлемдер түсті, бұл жоспарланған жарнаның 6,2 процентін құрайды. Аудандар, селолық округтер әкімдерімен, банктермен, салық инспекциялармен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, кәсіпорындамен, коммерциялық құрылымдармен және кейбір медициналық мекемелермен қажетті байланыс орнатылмаған. Стационар мен емхана жағдайларында сырқаттарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасының медициналық стандартқа сәйкес келмеуйі орындалуда. Стационарлар бойынша 555 және емхана мекемелері мекемелері бойынша 610 сараптаманың медициналық стандартқа сәйкес келмейтіні тексеру мен анықталды. Ақпарат түсінік жұмыстары кеңінен жүргізілмейді. Емдеу мекемелерінің дәрі дәрмектерге берген тапсырыстары орталықтандырылған жоспарлы түрде қамтамасыз етілуі жүзеге аспайды; аудандардың емдеу мекемелеріне сақтық төлемдер, қаланың негізгі клиникалық ауруханаларына бюджеттік қаржылар бірқалыпты бөлінбейді; емдеу мекемелерінің басшылары тарапынан сақтық төлемдері есебінен бөлінген қаржыларды мақсатты түрде пайдалануға бақылау жүргізілмейді. Жұмыс берушілердің төлем қабілетінің төмендігінен халыққа берілген сақтық полистердің күші тоқтап қалу фактілері бар. Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Міндетті медициналық сақтандыру қорығың облыстық бөлімшесі мен атқарушы органдардың жүргізіп отырған жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Жарлығының талаптарына толыө жауап бермейтіндігі атап көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстыө бөлімшесіне /Ә. Ұ. Беркінбаев/ осы шешімде атап көрсетілген кемшіліктерді жою, Президент Жарлығын, міндетті медициналық сақтандырну қорының қызметіне қатысты басқа да нормативтік актілерді сөзсіз орындау жөнінде егежейлі – тегежейлі шаралар алу тапсырылсын. Ол үшін: - сақтық төлемдерді жинау жөніндегі ұйымдастыру жұмысы жетілдірілсін, қаржының барынша көп жиналуы қамтамасыз етілсін; - көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі мен сапасына, міндетті медициналық сақтандыру қаржысының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуы барысына қатаң бақылау жасау қамтамасыз етілсін, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде кірістер мен шығыстарға ай сайын талдау жасалсын; - міндетті медициналық сақтандырудың жұмыс берушілермен және атқарушы органдармен қайта келісім – шарт жасасуы, облыс тұрғындарын сақтандыру полистермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылсын, ақпараттық –түсінік жұмыстарының әдістері мен формалары әртүрлі етілетін болсын; - сақтандырылған азматтардың Қазақстан Республикасы Заңларында көзделген құқытарын қамтамасыз ету мақсатымен сараптау өткізу үшін штаттан тыс білікті сарапшылар қатыстырылсын; - медициналық көмекті жеңілдікпен пайдалану құқы бар жекелген азаматтар санаттарын дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар алынсын; - барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарымен, банктермен, салық инспекцияларымен, еңбек және әлеуметтік қорғау органдармен, жұмыс берушілермен, емдеу –профилактикалық мекемелермен қажетті байланыс орнатылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына /Ә. Қ. Мантаев/: - денсаулық сақтау жүйесін реформалауды, оны бюджеттен қаржыландырудың бюджеттік сақтау түріне көшіруді, емдеу профилактикалық мекемелер құрылымдары мен желілерін ықшамдауды қысқа мерзімді аяқтау тапсырылсын, мұнда кадрлармен қамтамасыз етуге айрықша назар аударылсын; - медициналық қызмет көрсету мен медициналық көмекті ұйымдастырудың міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлімшесімен келісілген жоспары сондай – ақ медициналық көмекті қаржыландыру және медициналық мекемелер үшін қаржы нормативтері жоспары талданып жасалып, бекітілетін болсын; - міндетті медициналық сақтандырудың негізгі бағдарламасы шеңберінде тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамту және оңай болуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық салық басқармасына /Н. Ж. Князов/ Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Жарлығына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндетті медициналық сақтандыруға сақтық төлемдерін аударуы жөнінде банк қызметіне қатаң бақылау жасау тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі басқармасы /Ж. Ш. Жандаулетов/ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына сәйкес «Міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлімшесіне сақтық төлемдерін банкілер арқылы төлейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің тіркелуін, міндетті медициналық сақтандыруға сақтық төлемдерін алу және есебін жүргізу тәртібі туралы нұсқаудың» 2-ші бөлімінің 6 тармағына сәйкес есеп айырысу және басқа шоттардың дұрыстығын білу мақсатымен облыс банкілерін тексеруді тұрақты жүргізетін болсын.
Тармақ 6
6. Ақтөбе қаласы мен аудандардың Әкімдеріне мемлекет басшысының жоғарыдағы Жарлығының жүзеге асырылу барысына, сондай-ақ сақтандырушылардың міндетті медициналық сақтандыру қоры алдындағы міндеттемелерін салық түсімдерімен бірдей толық орындауы мәселелеріне тұрақты бақылау орнату тапсырылсын. Жұмыс істемейтін тұрғындар үшін сақтық төлемдердің уақытында түсуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Ақтөбе қалалық, аудандық Мәслихаттар Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Жарлығының орындалу барысын сессияларда қарайтын болсын.
Тармақ 8
8. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетке /И. Ғ. Қабдуллин/ дәрі дәрмектік препараттарға бағыны реттеу мақсатымен дәрі-дәрмек препараттарына баға каталогын жариялау тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің редакцияларына, облыстық телерадио хабары компаниясына, аудандық газеттердің редакцияларына міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі, міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық бөлімшесі мен оның жергілікті жердегі филиалдарының жұмысы туралы материалдары үнемі жариялау және көрсетіп отыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалу барысына бағылау жасау міндетті облыстық Мәслихаттың білім, мәдениет, тілдердің дамуы, тұрғындарын денсаулығын қорғау, ғылым және экология; әлеуметтік – экономикалық даму, қаржы саясаты және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 11
11. Міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесіне /Ә. Қ. Беркінбаев/, облыстық денсаулық сақтау басқармасына /Ә. Қ. Мантаев/ және тұрақты комиссияларға /Т. К. Кәрімов, В. А. Пфаненштиль/ осы шешімді орындау жөнінде алынған шаралар туралы облыстық Мәслихатқа 1998 жылдың 1 ақпанына хабарлау тапсырылсын.