О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Центр спортивной подготовки для лиц с ограниченными физическими возможностями" Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
Қолданыста
Қаулы
·№ 238
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Центр спортивной подготовки для лиц с ограниченными физическими возможностями" Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 238
- Қабылданған күні
- 13.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI78038_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000238
- ЭКБ идентификаторы
- 78038
- Редакция идентификаторы
- AI78038_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:29
0 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар