Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам оценочной деятельности

Бұйрық · № 40 · қабылданған 30.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78039/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам оценочной деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 40 ·30.01.2014
29.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам оценочной деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 40 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам оценочной деятельности
Атауы (қаз.)
Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
30.01.2014
Көрсетілген редакция
29.05.2015 AI78039_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009111
ЭКБ идентификаторы
78039
Редакция идентификаторы
AI78039_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:01

0 Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы «Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8133 тіркелді) 1-тармағының 11), 12) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

4 4. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен аталған бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына
1-қосымша
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1585 қаулысымен бекітілген «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) оның ішінде «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімі не емтиханнан өтпегені туралы Комиссияның хаттамасынан үзіндінің көшірмесі және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап, мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұқасын беру және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуды алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2 2) өтінішті заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы қарау;

3 3) өтінішті заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы;

4 4) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы.

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2 2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (біліктілік емтиханынан өткені туралы материалдарды қарау кезінде – 10 (он) жұмыс күні, біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде – емтихан өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жібере отырып, 3 (үш) жұмыс күні, лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

8

8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беруді» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді:

1 1) Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжат көшірмесі түрінде қоса беріледі;

2 2) тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды);

3 3) Қазақстан Республикасы бойынша барлық мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар (көшірмесі электрондық сұратуға сканерленген түрде қоса беріледі);

4 4) Стандарттың 2, 4-қосымшамаларында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысандарын толтырады.

Көрсетілетін қызметті алушы оны электронды цифирлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген):

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысының қарауына береді;

2 2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы сұрау салуды портал арқылы алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (біліктілік емтиханынан өткені туралы материалдарды қарау кезінде – 10 (он) жұмыс күні, біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде – емтихан өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жібере отырып, 3 (үш) жұмыс күні, лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарың) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

12 12. Осы Регламенттің 3-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, бланкі шаблондары келтірілген.

13 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттау

13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мүлікті бағалау (зияткерлік
меншікті, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия
беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызметінің
Регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттау
1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Про­це­ду­ра­ның (әре­кет­тің) №
1
2
3
4
ҚФБ-нің ата­уы
Қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру құ­жат­тар түс­кен күн­нен ба­стап бір жұ­мыс кү­ні ішін­де алын­ған құ­жат­тар­ды тір­ке­уден өт­кі­зе­ді, өті­ніш­тің оң жақ тө­мен­гі бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
құ­жат­тар тір­ке­уіне ке­лі­се­ді және заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­у­мен жі­бе­ре­ді
ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­шін қа­рай­ды, со­дан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жі­бе­ре­ді
ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру құ­жат­та­рын қа­рас­ты­ра­ды және оған қол қо­яды
Аяқ­та­лу­дың ны­са­ны
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ме­кен­жай­ы­на по­шта ар­қы­лы жі­бе­ре­ді
Орын­дау мер­зі­мі мен бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Тір­кеу ті­зі­лі­міне жа­з­ба, ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу, қай­та ре­сім­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
Ли­цен­зи­я­ға, қай­та ре­сім­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қою, элек­трон­дық ли­цен­зия бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
12 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Кең­се
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
УО бас­шы­сы
1. Ли­цен­зия бе­ру­ге, қай­та ре­сім­де­у­ге, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге өті­ніш және қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау, бұл рет­те, өті­ніш­тің тө­мен­гі оң жақ бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мө­ра­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды.
2. тір­ке­уді ке­лі­се­ді және заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­ма жі­бе­ре­ді
3. Ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді.
4. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тынды­ға қол қо­яды
6. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ме­кен­жай­ы­на жі­бе­ре­ді
5. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны кең­се­ге жі­бе­ре­ді.
3-кесте. Портал арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Алушы
пор­тал
Алушы
«АИС СУ» АЖ
ЭҮТШ
пор­тал
3
Іс-әре­кет ата­уы (про­цес, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы­ның ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін ком­пью­тер­дің ин­тер­нет-бра­у­зе­ріне бе­кі­ту
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бе­кі­ту­мен са­у­ал де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды және қыз­мет­ті таң­дай­ды;
сот­ты­лы­ғы ту­ра­лы де­ректер­дің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты де­ректер­ді алу­дың мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет тө­ле­ма­қы­сын жа­сау
Тө­ле­ма­қы­ның жоқ­тығ­ы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Сәт­ті қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.

Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Әре­кет­тің сәт­ті аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
20 сек
1,5 мин
20 сек
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет нө­мі­рі
2–алушы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар болған­да; 3–ав­тор­лан­ды­ру та­бысты өт­кен­де

4
-
5 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ма­ған­да;
6 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ған­да

кестенің жалғасы
7
8
9
10
11
12
Алушы
пор­тал
Алушы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­да­уы
Алушы­ның ЭЦҚ шы­най­ы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ кө­ме­гі­мен са­у­ал­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты өті­ніш­ті (алушы­ның сұ­рау са­луын және сұ­рау са­лу­ды ) өң­деу
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру

Өті­ніш­тің нө­мі­рін бе­ре оты­рып сұ­рау са­лу­ды тір­кеу.

Элек­трон­дық ли­цен­зия
10–15 сек
10–15 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
15 жұ­мыс кү­ні
7 – ЭЦҚ-да қа­те­лік болған­да; 9 – ЭЦҚ-да қа­те бол­ма­ған­да
-
-
10 - алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негіз­де­ріне сәй­кест­і­гін қыз­мет бе­ру­ші­нің тек­се­руі
-

«Мүлікті бағалау (зияткерлік
меншікті, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия
беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Регламентіне 2-қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3 3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

4 4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5

5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеуі;

6 6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;

7 7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні порталда тексеру;

8 8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9 9) 7-процесс көрсетілген қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

10 10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);

13 13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

14 14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;

15 15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1 1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін порталда ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізу;

2 2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

3 3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының соттылығы туралы деректерін тексеру;

5 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырады;

6

6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз түрінде құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7 7) 6-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;

8 8) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерде көрсетілген қоса берілген құжаттарды сәйкестігін тексеру (өңдеу);

9 9) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

10 Шартты белгілері:

10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет нәтижесін («Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия) алу.
Шартты белгілері:
«Мүлікті бағалау (зияткерлік
меншікті, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия
беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызметінің
Регламентіне 3-қосымша
Кіріс және шығыс нысандары Шығыс құжаттары Дәлелді бас тарту
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[ЖТ атауы]
[ҰО Атауы], Сіздің (Өтініш күні) күнгі (өтініш нөмірі) қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.
[Бас тарту себебі].
[Қол қоюшының лауазымы]                       [Қол қоюшының Т.А.Ә.]
Лицензия нысаны
МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
[заңды тұлғаның толық атауы, деректері
жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты] берілді.
[«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес
қызметі түрінің атауы (қолданысы) айналысуғаға [Лицензиялаудың ерекше шарттары]
Басшы [лицензияның берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен аты-жөні]
(Уәкілетті тұлға)
Лицензияны берген күні [күні]
Лицензияның нөмірі [нөмірі]
Қала [қаласы]
[Қол қоюшының лауазымы]                        [Қол қоюшының ТАӘ]
«Мүлікті бағалау (зияткерлік
меншікті, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда)
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» Мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің
регламентіне 4-қосымша
«Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Қызмет алушының мемлекеттік органға жүгінген кезінде, қызметті көрсету тәртібі;
**Қызметті «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ - «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО - Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына
2-қосымша
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1585 қаулысымен бекітілген «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімі не емтиханнан өтпегені туралы Комиссияның хаттамасынан үзіндінің көшірмесі және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұқасын беру және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуды алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2 2) өтінішті заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы қарау;

3 3) өтінішті заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы;

4 4) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы.

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2 2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (біліктілік емтиханынан өткені туралы материалдарды қарау кезінде – 10 (он) жұмыс күні, біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде – емтихан өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жібере отырып, 3 (үш) жұмыс күні, лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

8

8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беруді» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді:

1 1) Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжат көшірмесі түрінде қоса беріледі;

2 2) Қазақстан Республикасы бойынша барлық мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар (көшірмесі электрондық сұратуға сканерленген түрде қоса беріледі);

3 3) Стандарттың 2, 4-қосымшамаларында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысандары;

4 4) тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды) толтырады.

Көрсетілетін қызметті алушы оны электронды цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген):

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысының қарауына береді;

2 2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы сұрау салуды портал арқылы алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (біліктілік емтиханынан өткені туралы материалдарды қарау кезінде – 10 (он) жұмыс күні, біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде – емтихан өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жібере отырып, 3 (үш) жұмыс күні, лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарың) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

12 12. Осы Регламенттің 3-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, бланкі шаблондары келтірілген.

13 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Зияткерлік меншікті, материалдық
емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Про­це­ду­ра­ның (әре­кет­тің) №
1
2
3
4
ҚФБ-нің ата­уы
Қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру құ­жат­тар түс­кен күн­нен ба­стап бір жұ­мыс кү­ні ішін­де алын­ған құ­жат­тар­ды тір­ке­уден өт­кі­зе­ді, өті­ніш­тің оң жақ тө­мен­гі бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
құ­жат­тар тір­ке­уіне ке­лі­се­ді және заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­у­мен жі­бе­ре­ді
ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­шін қа­рай­ды, со­дан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жі­бе­ре­ді
ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру құ­жат­та­рын қа­рас­ты­ра­ды және оған қол қо­яды
Аяқ­та­лу­дың ны­са­ны
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ме­кен­жай­ы­на по­шта ар­қы­лы жі­бе­ре­ді
Орын­дау мер­зі­мі мен бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Тір­кеу ті­зі­лі­міне жа­з­ба, ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу, қай­та ре­сім­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
Ли­цен­зи­я­ға, қай­та ре­сім­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қою, элек­трон­дық ли­цен­зия бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
12 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.
Кең­се
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
УО бас­шы­сы
1. Ли­цен­зия бе­ру­ге, қай­та ре­сім­де­у­ге, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге өті­ніш және қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау, бұл рет­те, өті­ніш­тің тө­мен­гі оң жақ бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мө­ра­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды.
2. тір­ке­уді ке­лі­се­ді және заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­ма жі­бе­ре­ді
3. Ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту қо­ры­тындыс­ын ре­сім­дей­ді.
4. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тынды­ға қол қо­яды
6. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ме­кен­жай­ы­на жі­бе­ре­ді
5. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны кең­се­ге жі­бе­ре­ді.
3-кесте. Портал арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Алушы
пор­тал
Алушы
«АИС СУ» АЖ
ЭҮТШ
пор­тал
3
Іс-әре­кет ата­уы (про­цес, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы­ның ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін ком­пью­тер­дің ин­тер­нет-бра­у­зе­ріне бе­кі­ту
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бе­кі­ту­мен са­у­ал де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды және қыз­мет­ті таң­дай­ды;
сот­ты­лы­ғы ту­ра­лы де­ректер­дің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты де­ректер­ді алу­дың мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет тө­ле­ма­қы­сын жа­сау
Тө­ле­ма­қы­ның жоқ­тығ­ы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Сәт­ті қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Сәт­ті қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Әре­кет­тің сәт­ті аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
20 сек
1,5 мин
20 сек
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет нө­мі­рі
2–алушы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар болған­да; 3–ав­тор­лан­ды­ру та­бысты өт­кен­де

4
-
5 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ма­ған­да;
6 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ған­да

кестенің жалғасы
7
8
9
10
11
12
Алушы
пор­тал
Алушы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­да­уы
Алушы­ның ЭЦҚ шы­най­ы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ кө­ме­гі­мен са­у­ал­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты өті­ніш­ті (алушы­ның сұ­рау са­луын және сұ­рау са­лу­ды ) өң­деу
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Өті­ніш­тің нө­мі­рін бе­ре оты­рып сұ­рау са­лу­ды тір­кеу.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Элек­трон­дық ли­цен­зия
10–15 сек
10–15 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
15 жұ­мыс кү­ні
7 – ЭЦҚ-да қа­те­лік болған­да; 9 – ЭЦҚ-да қа­те бол­ма­ған­да
-
-
10 - алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негіз­де­ріне сәй­кест­і­гін қыз­мет бе­ру­ші­нің тек­се­руі
-

«Зияткерлік меншікті, материалдық
емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3 3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

4 4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5

5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеуі;

6 6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;

7 7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні порталда тексеру;

8 8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9 9) 7-процесс көрсетілген қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

10 10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);

13 13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

14 14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;

15 15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1 1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін порталда ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізу;

2 2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

3 3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының соттылығы туралы деректерін тексеру;

5 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;

6

6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз түрінде құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7 7) 6 -процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;

8 8) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерде көрсетілген қоса берілген құжаттарды сәйкестігін тексеру (өңдеуі);

9 9) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

10 Шартты белгілері:

10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет нәтижесін («Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия) алу.
Шартты белгілері:
«Зияткерлік меншікті, материалдық
емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызметінің Регламентіне
3-қосымша
Кіріс және шығыс нысандары Шығыс құжаттары Дәлелді бас тарту
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[ЖТ атауы
[ҰО Атауы], Сіздің (Өтініш күні) күнгі (өтініш нөмірі) қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.
[Бас тарту себебі].
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.]
Лицензия нысаны
МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
[заңды тұлғаның толық атауы, деректері
жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты] берілді.
[«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес
қызметі түрінің атауы (қолданысы) айналысуғаға [Лицензиялаудың ерекше шарттары]
Басшы [лицензияның берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен аты-жөні]
(Уәкілетті тұлға)
Лицензияны берген күні [күні]
Лицензияның нөмірі [нөмірі]
Қала [қаласы]
[Қол қоюшының лауазымы]                 [Қол қоюшының ТАӘ]
«Зияткерлік меншікті, материалдық
емес активтердің құнын бағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Қызмет алушының мемлекеттік органға жүгінген кезінде, қызметті көрсету тәртібі;
**Қызметті «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ- «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП- «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО- Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ –Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

Қолданыстағы