О правилах подготовки нормативных правовых актов акима Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудын ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен. "Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заңгерлік жұмыстарының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 қаулысының 2 тармағына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың қоса беріліп отырған ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Б.Б. Баймагамбетоваға жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН: Қостанай облысы әділет басқармасының бастығы ____________С.Ж. Новикова
Басқа 3. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың ережелері
Бекітілген Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 226 шешімімен Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер (бұдан әрі ережелер) Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін дайындаудың, бекітудің және мемлекеттік тіркеуге беру мен жариялаудың тәртібін, сондай-ақ осы актілерге талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының әкімі Конституцияның негізінде және Конституцияны, Президент заңдарын, Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын орындауда өз құзыры шеңберінде өкімдер қабылдайды.
Тармақ 3
3. Нормативтік құқықтық актілерді Қостанай облысының әкімі немесе оның орнында қалған адам бекітеді.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілері негізгілерге және өндірістегілерге бөлінеді. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің негізгі түріне шешімдер мен өкімдер жатқызылады. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің өндірістегі түрлеріне тәртібі, ережелер,нұсқаулықтар жатады.
Тармақша 1
1) Регламент - қандай да болмасын мемлекеттік органның және оның кұрылымдық бөлімшелерінің ішкі қызмет тәртібін ретке келтіретін нормативтік акт.
Тармақша 2
2) Ереже - қандай да болмасын мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен уәкілеттігін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;
Тармақша 3
3) Ережелер - қандай да болмасың қызмет түрін ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;
Тармақша 4
4) Нұсқаулық - қандай да болмасын қоғамдық қатынастар саласында заңның қолдануын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Тармақша 5
5) Өндірістік түрдегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастықты құрайды.
Тармақ 6
6. Жалпы міндетті мәні бар, азаматтардың кұқықтарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне қатысты немесе ведомствоаралық сипаттағы, занда белгіленген тәртіппен бекітілген және тіркелген Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілері Қостанай облысының барлық аумағындағы барлық жеке және занды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілер жобаларының ресімделуі
2. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілер жобаларының ресімделуі
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген арнаулы бланкіде актінің нысаны (шешім немесе өкім) көрсетіле отырылып басылады.
Тармақ 8
8. Қостанай облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің осы нормативтік актінің ерекше ретке келтіру мәнін көрсететін тақырыбында болуға тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің тақырыбында сөздерді тасымалдауға жол берілмейді, тақырыптар әдетте анық жазылады.
Тармақ 9
9. Бұрынғы қабылданған актіге өзгертулер, толықтырулар енгізу қарастырылған немесе оның күші жойылған деп танылған шешімдер жобаларының тақырыптарында актінің нысанына, қабылдау күніне, тіркеу нөмірі мен тақырыбына сілтеме болуға тиіс.
Тармақ 10
10. Шешімнің негізгі міндеттерін қабылдаудың мақсаттары мен мәнін түсіндіру қажет болған жағдайда өкім етуші бөлімнің алдында кіріспе бөлімі (преамбула) келеді. Преамбулаларда мәнін негіздеу мақсатында Конституцияға, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің зандарына, нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімнің нормативтік құқықтық актілерінде пайдаланылған терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болғанда оларда мағынасын түсіндіретін тармақ орналасады.
Тармақ 12
12. Әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің негізгі құрылымдық элементі болып атауында "тармақ" сөзі жоқ, өз бойында құқық нормасы бар тармақ табылады. Нормативтік құқықтық актілердің көлемі бойынша мазмұны жағынан жақын тармақтардың тарауларға бірігуі мүмкін. Мазмұны жағынан жақын бірнеше тараулар бөлімдерге, ал бөлімдер өз кезегінде нормативтік құқықтық актілердің бөліктеріне бірігуі мүмкін. Тармақтар мен тармақшалардың ішінде азат жолдармен бөліп көрсетілетін бөліктер болуы мүмкін. Көлемі жағынан үлкен тарауларда нормативтік құқықтық актілердің параграфтары мен параграфтық бөліктері бөлініп көрсетілуі мүмкін, ал үлкен тарауларда сол сияқты бөлімдер бөлініп көрсетілуі мүмкін. Нормативтік кұқықтық актінің әрбір тармағы, бөлімі мен бөліктері араб цифрімен нөмірленеді. Тармақтардың нөмірленуі барлық нормативтік құқықтық акт үшін толассыз болып табылады. Нормативтік құқыктық актінің тараулары мен бөліктерін нөмірлеу де дербес және толассыз болып табылады. Әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің тармақтарындағы тармақшаларда нөмірлеу де дербес болады. Әрбір тараудағы параграфтарды нөмірлеу және нормативтік құқықтық актінің әрбір бөліміндегі болімшелерді нөмірлеу де толассыз емес, дербес болып табылады. Тармакшалардағы тармақтардың нөмірлері мынандай жағдайларда жақша арқылы араб цифрімен көрсетіледі: 1), 2), 3) және одан әрі кете береді. заңгерлік техникаға сәйкес актінің мәтінін де азат жолды сызықшамен немесе басқа белгілермен белгілеуге жол берілмейтінін атап өту кажет.
Тармақ 13
13. Егер әкімнің нормативтік актілерінде таблицалар, графиктер, карталар, схемалар келтірілетін болса, олар әдетте, қосымшалар түрінде. Әкімнің нормативтік құқықтық актілеріне бірнеше қосымша берілген жағдайда оң жақ жоғарғы бұрышында олардың реттік нөмірлері, сондай-ақ тиісті актінің қабылданған күні, нөмірі және атауы көрсетіледі. Мысалы: Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы ________№__ шешіміне 1, 2 қосымшалар Егер шешімнің мәтінінде (қоса беріліп отырған) ереже, нұсқаулық не тағы басқалар бекітілсін деген сілтеме болса, қосымшаның оң жақ бұрышына былайша жазылады: Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы_______ № _шешімімен бекітілген Егер ереже, нұсқаулыққа және жеке қосымшамен ресімделетін басқа өндірістік актілерге қосымшалар бар болса ол жоғарғы оң жақ бұрышында былай көрсетіледі: 1,2 ....қосымшалар Қосымшаның тақырыбы оны қабылдаған негізгі актінің мәтініне сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 14
14. Әкімнің нормативтік кұқықтық актілерінің мәтіні әдеби тіл мен заңгерлік терминологиялық нормаларын сақтай отырып жазылады. Ескірген және көп мағына беретін сөздер мен ұғымдарды, эпитеттерді, метафораларды пайдалануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Тармақтың мәтіні басқа тармақтарда қайталанып берілмейді. Егер шешім жобасының мәтінінде сол бір құқықтық актіге бірнеше сілтемелер келтірілер болса, актінің толық атауы, оған сілтеме беріле отырып, бір рет көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Қостанай облысы әкімінің шешімімен комиссияның, жұмысшы тобының немесе басқа уақытша органның жеке кұрамы бекітілген жағдайда адамдардың тегі (алфавиттік тәртіппен); аты, әкесінің аты және лауазымы толық келтіріледі.
Тармақ 16
16. Шешімнің мәтінінде күшін көрсеткен кезде ресімдеудің сөздік- цифрлық әдісі қолданылады(мысалы, 2000 жылғы 12 қыркүйек).
Тармақ 17
17. Қостанай облысы әкімі шешімдерінің жобалары бас маман - Қостанай облысы әкімі аппаратының заң кеңесшісімен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 18
18. Шешім жобасының түп нұсқасына Қостанай облысы әкімінің осы саланы басқаратын орынбасары және аппарат басшысы бұрыштама қояды. Құжат жобасының мазмұны бірнеше мемлекеттік органдардың мүддесін қамтитын болса, олардың басшыларының бұрыштамалары болуға тиіс.
Тармақ 19
19. Құжат түзетілгеннен, белгіленген үлгідегі бланкіде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылғаннан, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен, орындаушы, облыс әкімінің осы саланы басқаратын орынбасары, облыс әкімі аппаратының заң кеңесшісі бұрыштама соққаннан кейін жалпы болімнің меңгерушісі арқылы облыс әкіміне қол қоюға беріледі.
Тармақ 20
20. Құжат жобасының кемшіліктері болған жағдайда жалпы бөлімнің меңгерушісі оны жетілдіру үшін кейін қайтарады.
Тармақ 21
21. Қостанай облысы әкімінің өкімдерінің жобалары осы сияқты ресімделеді.
Тармақ 22
22. Қостанай облысының әкімі қол қойғаннан кейін бөлім меңгерушісінің қолы бар тарату көрсеткішімен құжат шығарылу үшін жалпы бөлімнің бас маманына (хаттама бөлімі) беріледі. Құжат тұпнұсқасына қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге болмайды.
Тармақ 23
23. Облыс әкімі аппаратының жалпы бөлімі актілердің қажетті даналарын көбейтуді, олардың Қостанай облысы әкімінің елтаңбалық мөрімен куәландырылуын және тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға таратылуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Әділет баскармасына тіркеуге жіберілетін Қостанай облысы әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау тәртібі
3. Әділет баскармасына тіркеуге жіберілетін Қостанай облысы әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау тәртібі
Тармақ 24
24. "Нормативтік құқыктық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес Қостанай облысы әкімінің жалпы міндетті мәні бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысы бар нормативтік құқықтық актілері Қостанай облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады. Мұндай тіркеу оларды іске енгізудің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заң күші болмайды.
Тармақ 25
25. Қостанай облысы әкімінің шешімдерін мемлекеттік тіркеуге ұсыну "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және басқа орталық органдарының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеуге алу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар Казақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау және оларды мемлекеттік тіркеуге алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады.
Тармақ 26
26. Нормативтік құқықтық акт тіркелгеннен кейін ол таратылады және ресми жариялау үшін Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне беріледі.