Об установлении карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина на территории села Актобе Актобинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 09/01
- Қабылданған күні
- 14.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2015 78094_Some(108382).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KK002562
- ЭКБ идентификаторы
- 78094
- Редакция идентификаторы
- 78094_Some(108382)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:29
0 Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2
2. "Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін
3
3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Омарбаевич Садировке (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін
5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
Е. Садиров
2014 жылдың 14 наурыз