Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Ереже · № 26/2 · қабылданған 18.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78098/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества Күшін жойған Ереже ·№ 26/2 ·18.02.2014
27.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Күшін жойған Ереже ·№ 26/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества
Атауы (қаз.)
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26/2
Қабылданған күні
18.02.2014
Көрсетілген редакция
27.11.2014 AI78098_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14LA004621
ЭКБ идентификаторы
78098
Редакция идентификаторы
AI78098_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:51

0 Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

2 Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы

2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қы­зы­лор­да қа­ла­лық
мәс­ли­хат­тың ке­зек­тен тыс
ХХVI сес­си­я­сы­ның тө­рай­ы­мы
Қы­зы­лор­да қа­ла­лық
мәс­ли­ха­ты­ның хат­шы­сы
Г. ЖҰ­МА­ШЕ­ВА
И. ҚҰТ­ТЫ­ҚО­ЖА­ЕВ
Қы­зы­лор­да қа­ла­лық мәс­ли­ха­ты­ның
2014 жы­л­ғы 18 жел­тоқ­сан­да­ғы ке­зек­тен тыс
XXVI сес­си­я­сы­ның N 26/2 ше­ші­мі­мен бекiтiл­ген
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2 2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

3 3. Бөлек жиынды кент және ауылдық округтің әкімі шақырады.

Қызылорда қаласы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

4 4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

Кент және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

9 9. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті кент және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

Қолданыстағы