Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Талдыкорган

Қаулы · № 4-118 · қабылданған 04.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78196/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Талдыкорган Қолданыста Қаулы ·№ 4-118 ·04.02.2014
14.02.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Талдыкорган

Қолданыста Қаулы ·№ 4-118 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность города Талдыкорган
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4-118
Қабылданған күні
04.02.2014
Көрсетілген редакция
14.02.2014 78196_136958.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14DA002622
ЭКБ идентификаторы
78196
Редакция идентификаторы
78196_136958
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:59

0 Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Өкіміне сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Әділге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Талдықорған қаласының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
басшысының м.а.
Емелбекова Ғалия
Айтқалиевна
14 ақпан 2014 жыл
"Талдықорған қаласы
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Қиялбеков Нұртас
Тынышбайұлы
14 ақпан 2014 жыл

4 Талдықорған қаласы

әкімдігінің 2014 жылғы
14 ақпандағы N 4-118
қаулысымен бекітілген
Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен,
қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану
Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

2 2. Жануарлардың Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі

3

3. Қараусыз қалған жануарлардың Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, "Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Талдықорған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.

4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

5

5. Талдықорған қаласының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды Талдықорған қаласының коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды қала әкiмдiктiң қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

4 4. Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі

7 7. Талдықорған қаласының коммуналдық меншiгіне түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

1 1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

2 2) аукцион арқылы сату;

3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.

8 8. Талдықорған қаласының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда қала әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

9

9. Жануарлар Талдықорған қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

10 10. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды күтімге алуға байланысты шығыстарды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.

11 11. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл ретте жануарларды бағуға байланысты қаржының көлемі шегеріледі.

12 12. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді.

6 6. Қорытынды

13 13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы