Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Қаулы · № 64 · қабылданған 24.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78236/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 64 ·24.02.2014
21.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 64 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Атауы (қаз.)
Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
24.02.2014
Көрсетілген редакция
21.01.2016 78236_278794.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PD003741
ЭКБ идентификаторы
78236
Редакция идентификаторы
78236_278794
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:45

0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көретін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

3 3. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

4

4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы