Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания медико-санитарной помощи иностранцам и лицам без гражданства, беженцам, постоянно проживающим или временно пребывающим на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 807 · қабылданған 15.12.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7825/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания медико-санитарной помощи иностранцам и лицам без гражданства, беженцам, постоянно проживающим или временно пребывающим на территории Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 807 ·15.12.2000
29.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания медико-санитарной помощи иностранцам и лицам без гражданства, беженцам, постоянно проживающим или временно пребывающим на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 807 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания медико-санитарной помощи иностранцам и лицам без гражданства, беженцам, постоянно проживающим или временно пребывающим на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық-санитарлық көмек көрсетудің ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
807
Қабылданған күні
15.12.2000
Көрсетілген редакция
29.04.2010 AI7825_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001354_
ЭКБ идентификаторы
7825
Редакция идентификаторы
AI7825_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:07

0 Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық-санитарлық көмек көрсетудің ережелерін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 6 бабын, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 57, 59, 61-бабын және "Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық-санитарлық көмек көрсетудің ережелері бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары, республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарының, ҒО, ҒЗИ клиникаларының басшылары:

1

1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылып жүрген заңнамаға, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысына сәйкес медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық денсаулық сақтаудың барлық органдары мен ұйымдарының мағлұматына жеткізілсін, жергілікті жерлерде орындалуы туралы жылына екі рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне ақпарат ұсынылсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бірінші орынбасарына жүктелсін.

6 Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық-санитарлық көмек көрсетудің ережелері

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау істері
жөніндегі агенттігінің
2000 жылғы 15 желтоқсандағы
N 807 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық-санитарлық көмек көрсетудің
ережелері

1

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында басқаша көзделмеген болса, денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын құқықтарды пайдаланады және міндеттерді мойнына алады.

2 2. Басқа мемлекеттердің азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне құқықтары бар.

3

3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарға жедел және шұғыл медициналық көмекті ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жақын жердегі кез келген емдеу-алдын алу ұйымдары қамтамасыз етеді.

4 4. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен тыс медициналық қызметтерді көрсету үшін шетелдік азаматтарды қабылдау емдеу-алдын алу ұйымдарында шартты негізде жүзеге асырылады.

5 5. Шетелдік азаматтарды өтеусіз негізде емдеуге қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және халықаралық шарттардың негізінде көрсетілуі мүмкін.

6

6. Басқа мемлекеттің кез келген азаматы және азаматтығы жоқ адамы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңның57, 59-баптарында көрсетілген аурулар болған жағдайда, медициналық нұсқауларды сақтауға және мемлекеттік медициналық ұйымдарда тексеруден өтуге және емделуге міндетті.
Жалтарған жағдайда бұл адамдар мәжбүрлеп куәландырылуға және емделуге (СПИД, туберкулез, карантиндік аурулар) тартылады, бас тартқан жағдайда заңнамаға сәйкес республикадан шығарылады.

7 7. Алдын алу емдері, оның ішінде отандық және шетелдік бактериялық, химиялық немесе басқа да дәрі-дәрмектермен егу Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес емдеу-алдын алу ұйымдарында жүзеге асырылады.

8 8. Осы ереже Қазақстан Республикасының аумақтық денсаулық сақтау органдары және ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар орындау үшін міндетті.

Қолданыстағы