Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов

Қаулы · № 255 · қабылданған 26.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78251/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов Күшін жойған Қаулы ·№ 255 ·26.03.2014
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов

Күшін жойған Қаулы ·№ 255 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления обязательных профессиональных пенсионных взносов
Атауы (қаз.)
Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
255
Қабылданған күні
26.03.2014
Көрсетілген редакция
01.07.2023 78251_644981.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000255
ЭКБ идентификаторы
78251
Редакция идентификаторы
78251_644981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:23

0 Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. "Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 849 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 693-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

4 Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 26 на­уры­зда­ғы
№ 255 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкер (бұдан әрі – қызметкер) – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жеке тұлға;

4) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – төлеу жөніндегі агент (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;

8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші;

9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.

2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру тәртібі

3. Агенттер меншікті қаражаты есебінен қызметкерлердің пайдасы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

4. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес белгіленеді.

5. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүзеге асыру міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жүргізіледі.

6. Шарт Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, агент және қызметкер арасында жасалады.

7. Агенттер қызметкердің бір айда есептелген табыс сомасын негізге ала отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыстардан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ай сайын жүзеге асырады.

8. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде қызметкердің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген барлық ай сайынғы табыстары ескеріледі.

9. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде:

1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында;

2) осы тармақшаның екінші бөлігінде айқындалған кірісті қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген төлемдердің түрлері ескерілмейді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 52) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар агенттің еңбекақы төлеу қорына жатқызылады.

10. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтары көрсетіле отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жүргізіледі.

11. Агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынады.

12. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, жарна сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуға тиіс.

13. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуды Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.

14. Агенттер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шегеруге жатады.

15. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда, агенттердің (алушылардың) іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

16. Агенттер кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген тізбеде (бұдан әрі – тізбе) көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

17. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары тізбеде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда уақытша жұмыс істейтін ұйымдардың өндірістік, көмекші және қосалқы цехтарының қызметкерлеріне де төленеді.

18. Кәсіптері мен лауазымдары Тізбенің "Жалпы кәсіптер" бөлімінде көзделген қызметкерлерге, егер бұл кәсіптер Тізбенің тиісті бөлімдерінде немесе кіші бөлімдерінде арнайы көзделмесе, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары олардың қандай өндірістерде немесе цехтарда жұмыс істейтініне қарамастан жүзеге асырылады.

19. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша айына жұмыс уақытының кемінде 80 % зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптері анықталған жағдайда, жұмыс берушілер, қызметкерлердің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті органға оларды тізбеге енгізу бойынша негізделген ұсыныстар енгізеді.

20. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.

Қолданыстағы