Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 24.02.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2014 78269_201862.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14GD002140
- ЭКБ идентификаторы
- 78269
- Редакция идентификаторы
- 78269_201862
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:45
0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай – ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Жуалы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 90 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз