О порядке реконструкции (перепланировки) квартир, подвалов, жилых домов и встроенных помещений под объекты предпринимательской деятельности на территории Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының аумағында пәтерлерді, үйдің жер қабаттарын, тұрғын үйлер мен қосып салынған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілері етіп реконструкциялау (қайта жобалау) тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.11.2000 № 11-342 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 6 наурыздағы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және дамытуды жандандыру жөніндегі шаралар туралы" N 3398 Жарлығын орындауда, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында облыс Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысының аумағында пәтерлерді, үйдің жер қабаттарын, тұрғын үйлер мен қосып салынған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілері етіп реконструкциялау (қайта жобалау) тәртібі бекітілсін. (N 1 қосымша)
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 3
Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы 10 маусымдағы N 6-188 шешіміне N 1 қосымша Алматы облысының аумағында пәтерлерді, үйдің жер қабаттарын, тұрғын үйлер мен қосып салынған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілері етіп реконструкциялау (қайта жобалау) ТӘРТІБІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Пәтерлерді, үйдің жер қабаттарын, тұрғын үйлер мен қосып салынған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектілері етіп реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) осы тәртібі (бұдан әрі Тәртіп) кәсіпкердің жобаларды кәсіпкерлік қызмет объектілері етіп реконструкциялауға келісу бекіту процедурасын анықтайды.
Тарау 2. 2. Реконструкция (қайта жобалау) жобасын келісу тәртібі
2. Реконструкция (қайта жобалау) жобасын келісу тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Кәсіпкер реконструкция жобасын жасауға немесе ұсынылған жобаны келісуге және жұмыс рұқсат алуға Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына (бұдан әрі Сәулет басқармасы) өтініш береді. Өтініште мыналар көрсетіледі: - өтініш берушінің аты-жөні (егер өтініш беруші заңды тұлға болса, кәсіпорынның толық атауы, орналасқан жері, бірінші басшының аты-жөні, телефоны көрсетіледі); - қайта жобаланатын ғимараттың орналасқан жері, телефоны; - реконструкцияның (қайта жобалаудың) мақсаты; - реконструкция (қайта жобалау) жұмыстарының атқарылу мерзімі. Егер өтініш берушіде реконструкциялау (қайта жобалау) жұмыстарын орындауға құқық беретін лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға жасаған ғимаратты реконструкциялау жобасы болса, ол өтінішке қосылып беріледі. Егер өтініш беруші реконструкциялау жобасын ғимараттың беріктігі жөнінде қорытынды жасауға және беруге құқық беретін лицензиясы бар алдыңғы қатардағы институттармен алдын ала келіскен болса, бұл институттардың қорытындысы өтінішпен қоса беріледі. Егер ғимаратта қайта жобалау мен жабдықтау, қасындағы меншік иесінің мүддесін қозғайтын болса, өтінішпен бірге пәтер иелері кооперативі куәландырған жазбаша келісім қоса беріледі, көршілердің жазбаша келісімдері мына жағдайларда талап етіледі: - жапсарлас салынған ғимараттардың шекарасын өзгерткенде; - қайта жобаланатын ғимарат пен басқа меншік иелерінің ортақ мүліктері арасындағы шекара өзгергенде.
Тармақ 2.2
2.2. Өтініш берілген сәттен бастап бір-екі жұмыс күнінің ішінде сәулет басқармасының маманы өтініш беруші көрсеткен мекен-жай бойынша келіп, реконструкциялау жобасын орындау үшін қажетті өлшеу және зерттеу жұмыстарын жүргізеді және келесі үш жұмыс күнінің ішінде жоба дайындау жөніндегі жұмыстарды бастау және қажетті құжаттар қабылдау туралы шешім шығарады, немесе осы мерзім ішінде өтініш берушіге, жоғары органдарға, немесе сотқа шағым беруіне болатын жазбаша түрдегі негізделген қарсылық білдіріледі.
Тармақ 2.3
2.3. Өтініш беруші қайта жобалау жұмыстарын жүргізуге сәулет басқармасының келісімін алған күннен бастап үш күн ішінде аталған жұмыстар жүргізуге шығатын белгіленген тәртіпте келісілген, іс-жүзіндегі бағаларға негізделген шығындар калькуляциясы жасалады. Өтініш беруші сәулет басқармасына барлық жұмыс пен қажетті келісімдерді орындауға өтініш білдірумен қатар жекелеген мәселелер (Алматы облысы Әкімінің ғимаратты қайта жобалауға рұқсатын алу, жобаға тапсырыс беру, ғимараттың беріктігі туралы қорытынды алу) бойынша да сәулет басқармасына өтініш жасауға құқығы бар.
Тармақ 2.4
2.4. Су, канализация, электр энергиясы бойынша техникалық жағдайға өтініш иесі жауапты.
Тармақ 2.5
2.5. Өтініш берушінің мемлекеттік коммуналдық облыстық қазыналық "Геожоспар" кәсіпорнымен қайта жобалау жұмыстарын жүргізу үшін мына құжаттарды әзірлеуге шарт жасасуды талап етуге құқығы бар: - реконструкциялауға (қайта жобалауға) рұқсат беретін облыс Әкімі шешімінің жобасын; - жоба әзірлеуді және оны Алматыоблсараптама, Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясы және басқа қажетті инстанцияларды келісуді; - ғимаратты қайта жобалау аяқталғаннан кейін топографиялық сызба түсірілімдерін орындауды. Шартта "Геожоспар" МКҚК өзіне алған міндеттемелерін орындау мерзімін бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік шарасы көзделуі керек. "Геожоспар" МКҚК қайта жобалау жұмыстарын орындау мерзімі өтініш берушінің сәулет басқармасына өтініш берген күнінен басталуы тиіс және жобалау жұмыстарын орындаудың жалпы мерзімі өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауы керек. Өтініш беруші жұмыс үшін ақы төлеуді кешіктірген жағдайда, жұмысты орындау мерзімі шарт бойынша ақы төлеу мерзімі кешіктірілген күн санына ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 2.6
2.6. "Геожоспар" МКҚК осы тәртіптің 2.4. тармағында көрсетілген мерзімде жобаны жасайды, қажетті келісімдерді, оның ішінде "Алматыоблсараптамада" сараптау қорытындысын және "Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясында" жұмыс жүргізуге рұқсат алу жұмыстарын жүргізеді және өтініш берушіге жұмысты бастауға қажет құжаттардың толық пакетін береді. Өтініш беруші өзінің жобасын және алдыңғы қатарлы институттың беріктікке берген қорытындысы болса, жобаны "Алматыоблсараптаманың" сарабынан өткізу мен "Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясының" рұқсат беруі, өтініш беруші сараптау құны мен рұқсатты рәсімдеуге байланысты шығындарды төлегеннен кейін бес күнтізбелік күннің ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2.7
2.7. Келісімдер рәсімдеу және рұқсат алу үшін осы Тәртіпте көзделмеген құжаттың қандай да болмасын түрін талап етуге тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Жұмыс жүргізу тәртібі
3. Жұмыс жүргізу тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Ғимаратты реконструкциялауға (қайта жобалауға) байланысты жұмыстарды, жұмыс жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға ғана жүргізеді (бұдан әрі - Орындаушы). 📌 Ескерту. 3.1. тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 8-260 шешімімен.
Тармақ 3.2
3.2. Ғимаратты реконструкциялау (қайта жобалау) бойынша жұмыстар меншік иесі мен "Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясы" берген мерзімде аяқталуы тиіс. Орындаушы жұмысты көрсетілген мерзімде аяқтап үлгермеген жағдайда, меншік иесі "Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясында" жұмыс жүргізуге рұқсат мерзімін ұзартуға міндетті.
Тармақ 3.3
3.3. Орындаушы (немесе онымен келіскен жағдайда меншік иесі) жақын жатқан аумақта санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға: құрылыс қоқыстарын шығаруға арналған контейнер орнатуға және оны толуына қарай, бірақ бес күнде бір рет оны шығаруға міндетті.
Тармақ 3.4
3.4. Орындаушы жұмыстың қауіпсіздік жағдайында жүргізілуін, қолайлы технологиялық процесс ұйымдастыруды, қоршау орнатуды, кіретін жолдар мен жаяулар үшін жолдар жасауды, жүргізіп жатқан жұмыстардың жақсы әсер беруін және басқа да жобаға сәйкес шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3.5
3.5. Ғимаратты реконструкциялау (қайта жобалау) жұмысының орындалу, көркейту жұмыстарының жүргізілу сапасына, қайта жобалау жұмысы жүргізілген көздегі объектіге жақын жатқан аумақтың тиісті санитарлық жағдайда ұсталуына бақылауды "Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясы" жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Объектіні пайдалануға қабылдау
4. Объектіні пайдалануға қабылдау
Тармақ 4.1
4.1. Реконструкциялағаннан (қайта жобалағаннан) кейін объектіні мына құрамнан тұратын мемлекеттік комиссия жүзеге асырады: 20 шақырымдық аймақта: Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары - комиссия төрағасы; меншік иесі; орындаушы; "Алматыоблсәулетқұрылысинспекциясының" төрағасы; объектіні жобалаушы тұлға; облыстық СЭС-ң өкілі; облыстық өрт инспекциясының өкілі; облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілі; тиісті ауданның бас сәулетшісі; Әкімшілік аумақтарда: аудан әкімінің құрылыс жөніндегі орынбасары-комиссия төрағасы; меншік иесі; орындаушы; объектіні жобалаушы тұлға; аудандық СЭС-ң өкілі; аудандық өрт инспекциясының өкілі; аудандық қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілі.
Тармақ 4.2
4.2. Объектіні пайдалануға қабылдау, объектіні пайдалануға қабылдау Актісімен рәсімделеді. Қабылдау Актісінің көшірмелері сәулет және қала құрылысы, жылжымайтын мүлік басқармаларына беріледі.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 5.1
5.1. Ғимаратты кәсіпкерлік қызмет объектісі етіп реконструкциялау (қайта жобалау) кезіндегі сәулет басқармасымен келісілген жобадан ауытқығаны, құрылыс жүргізу нормалары мен ережелерін, СЭС талаптары мен өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін кінәлі адамдар жауап береді.
Тармақ 5.2
5.2. Ғимаратты реконструкциялау (қайта жобалау) ережелерін қасақана бұзған адам Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі Заңына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 5.3
5.3. Құжаттарды рәсімдеуді (қайта рәсімдеуді) және жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуді (қайта тіркеуді) Алматы облысының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығында және оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінде, мемлекеттік комиссияның төрағасы - Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары (20 шақырымдық аймақта), қалған аудандарда жергілікті қызметтер бекіткеннен кейін меншік иесі Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңы белгілеген жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жөніндегі нормаларға сәйкес жүзеге асырады.