Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство области

Өзге акт · № 3 · қабылданған 29.05.1997
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-783/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство области Мәртебесі расталмаған Өзге акт ·№ 3 ·29.05.1997
30.05.2017 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство области

Мәртебесі расталмаған Өзге акт ·№ 3 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство области
Атауы (қаз.)
Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
3
Қабылданған күні
29.05.1997
Көрсетілген редакция
30.05.2017 783_540551.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97C000013_
ЭКБ идентификаторы
783
Редакция идентификаторы
783_540551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:05

0 Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы

📌 Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "селолық", "селосы", "селолары" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылдары" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" N 3377 Жарлығына сәйкес және облыстық мәслихат пен облыс Әкiмiнiң жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының пiкiрлерiн есептей, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 1. Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiс енгiзе отырып, қалалар мен селолар округтерiнiң саны 135-тен 112-ге дейiн қысқартылсын;

- қызметiн Хромтау аудандық әкiм аппаратына бере отырып, Хромтау қаласындағы әкiм аппараты таратылсын;
- аудандардағы келесi ауылдық округтер қысқартылсын:
Алғадан - Сарықобда аумағы Ильинка ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Ильинка ауылы);
- Қарағаш аумағы Бестамақ ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Бестамақ ауылы);
Байғаниннен - Миялы аумағы Жаңа жол ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Оймауыт ауылы);
Бөгеткөлден - Толыбай аумағы Ақтасты ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Ақтасты ауылы);
- Сары ат аумағы Басқұдық ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Тымабұлақ ауылы);
Лениннен - Сарыбұлақ аумағы Ленин ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Ленин ауылы);
- Краснополян аумағы Ащылысай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Григорьевка ауылы);
Мәртөктен - Құм шоқат, аумағы Первомай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Вознесеновка ауылы);
- Линовицкий аумағы Қарашай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Қаратоғай ауылы);
- Покровский, аумағы Байтөресай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Байтөресай ауылы);
- Студент аумағы Қызылжар ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Адреевка ауылы);
Мұғалжардан - Еңбекшi аумағы Егiндiбұлақ ауылдық округтiң құрамына қосылсын (Родники ауылы);
Темiрден - Кеңес ту, аумағы мен қызметi аудан әкiмi аппаратына берiлсiн.
- Ақсай, аумағы Бородиновка ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Бородиновка ауылы);
Хромтаудан - Киров аумағы Абай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Сухиновка ауылы);
- Мағаджан аумағы Новоресей ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Новоресей ауылы);
- Сарысай аумағы Тас сай фермасынан басқа, Қызыл су ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Қызыл су ауылы).
- Тас сай фермасы Абай ауылдық округтiң құрамына қосылсын.
Қобдадан - Бекалы аумағы Калининовка ауылдық құрамына қосылсын (орталығы Калининовка ауылы);
- Терiс аққан аумағы Жаңа талап ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Жаңа талап ауылы);
- Талдысай аумағы Бұлақ ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Әлiпбасай ауылы);
Шалқардан - Аманкелдi аумағы Ақтоғай ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Бершүгiр стансасы);
- Бершүгiр аумағы Соленая ауылдық округтiң құрамына қосылсын (орталығы Қауылжар ауылы);
📌 Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Аудандардың ономастикалық комиссияларының қорытындысымен, өкiлеттi және атқарушы органдардың ұсынысымен келiсе отырып аты өзгертiлсiн:

Шалқар ауданындағы Соленая ауылдық округi Қауылжыр ауылдық округi болсын;
Ленин атындағы - Ленин ауылдық округi Қосестек ауылдық округi болып;
- Ленин ауылы Қосестек ауылы болып.

3 3. Шалқар ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының ұсынысы бойынша ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiс енгiзiлсiн. Жекелеп айтқанда:

- Ақтоғай ауылдық округiнiң "Сары шоқы" ауылы Соленый ауылдық округтiң қарамағына берiлсiн;
- Айшуақ ауылдық округiнiң Южное және Есет Көтiбарұлы атындағы ауылдық округiнiң "Қаңбақты" ауылдары Бозой ауылдық округiнiң қарамағына берiлсiн;
- Есет Көтiбарұлы атындағы ауылдық округтiң Есет ата ауылы ауылы Айшуақ ауылдық округтiң қарамағына берiлсiн;
- Жаңа қоныс ауылдық округтiң Қызыл жұлдыз ауылы Шалқар қаласы қарамағына берiлсiн;
📌 Ескерту. 3 тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4 4. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантемiров) облыстық әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының өзгеруiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдарды қаржыландыру мәселесiн шешсiн.

5 5. Аудандар әкiмi осы шешiмге сәйкестендiре отырып, атқарушы органдардың құрылымын жүргiзу жөнiндегi қажеттi жұмыстарды атқарып, штатты, қайта құрылған селолық округтердiң еңбек ақысын төлеу жағдайын бекiтсiн.

6 6. Статистика және талдау басқармасы (А. Д. Мұқаев) мәлiметтен осы шешiмде көрсетiлген таратылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi шығарып тастасын.

7 7. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитет (М. Н. Жекеев) аудандардың мәлiметi бойынша жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

Қолданыстағы