Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
10-бап. Сақтандыру рыногының қатысушылары
О страховой деятельности · № 126
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
1-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;
2) сақтандыру брокерi;
2-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6) тәуелсіз актуарий;
7) бағалаушы;
8) андеррайтер;
9) аджастер;
10) сюрвейер;
11) сақтандыру омбудсманы;
11-1) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
11-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;
13) актуарийлер бірлестігі;
14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР
24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-10/