Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне:
1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
2) ішкі құжаттарды әзірлеу;
3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу, оның
ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын білуге емтихан өткізу
және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың
ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат беру;
4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;
7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.
Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс
енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-10-1/