Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.
2. Сақтандыру брокерінің атауы "сақтандыру брокері" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.
3. Сақтандыру брокеріне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат етіледі.
7. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі; 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-16-1/