Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар
О страховой деятельности · № 126
Ескерту. 16-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында лауазымдарды атқара алмайды немесе сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыра алмайды.
3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке және заңды тұлғалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) бола алмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда, уәкілетті орган осы қатысушыға (акционерге) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талап жібереді.
Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) оның қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талапты алған күннен бастап алты ай ішінде оны орындауға және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Ескерту. Заң 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-16-2/