О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
2-1. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
3-1. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық" және "өмірді сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
4-1. Тек қана исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық" және "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық компания мәртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында кез келген тілде «ұлттық», «орталық», «бюджеттiк», «республикалық», «мемлекеттік» деген сөздердi толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.
6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді пайдалануға міндетті. Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-23/