О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы;
4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін ғана). Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал "өмірді сақтандыру" саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мынадай мәселелерді қарауға құзыретi болады: ішкі аудит қызметі, актуарий, аудиторлық ұйым анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабiлеттілігi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы; актуарийді тағайындау және оның өкілеттігін тоқтату, сондай-ақ актуарийдің лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау. Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-24/