Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс.
2. Алып тасталды - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алынып тасталды - ҚР 23.12.2005 № 107 Заңымен.
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерiн оның құрылтайшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тiркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.
5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 N 483, 2005.0708 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-25/