О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға растайтын құжаттарды табыс ете отырып күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.
2. Алып тасталды - ҚР 10.07.2003 № 483 ( 01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады. Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-51/