О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 13-бабында белгіленген талаптарға сәйкес консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау шоғырландырылған негiзде жүзеге асырылуы мүмкін. Шоғырландырылған қадағалау қағидаларын уәкiлеттi орган бекітеді. Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-52/