Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
52-3-бап. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау
О страховой деятельности · № 126
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыруы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілік жасауды халықаралық стандарттарға және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 52-3-баптың екінші бөлігі 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР
03.07.2019 № 262-VI Заңымен.
Ескерту. 9-тарау 52-3-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-52-3/