О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

53-4-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары

О страховой деятельности · № 126

1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына және сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерінің қатысушыларына (акционерлеріне): 1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 3-тармағында және 46-бабының 4-тармағында көзделген; 2) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған; 3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға әкелуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге; 1-1) сақтандыру брокерінің қатысушысынан (акционерінен) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) иеліктен шығаруды талап етуге;
2) сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұшырататын өзі мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздерінің арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен өзінің еншілес ұйымын немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;
5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздері мен үлестес тұлғалары арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Заң 53-4-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-53-4/