О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

53-5-бап. Санкциялар

О страховой деятельности · № 126

1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы: 1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгiленген негiздер бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру; 2) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айыру; 3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.
1-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру.
2. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы. Ескерту. Заң 53-5-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-53-5/