О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

О страховой деятельности · № 126

1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде талап еткен актуарий қорытындысы және өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған;
1-1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын және уәкілетті органның өзге де талаптарын орындамаған;
1-2) осы Заңның 40-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған;
2) актуарлық қызметті Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
3) уәкілетті органға жіберілген, оның ішінде лицензия беруге негiз болған құжаттарда анық емес ақпарат ұсыну фактiсi анықталған жағдайда, үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.
4) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.12.30 № 234-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 23) тармақшасының төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-59/