Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
60-бап. Актуарийдi лицензиясынан айыру
О страховой деятельности · № 126
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2)
алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен;
2-1) сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің талаптарын және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауына алып келген, актуарий Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзған;
2-2) көрінеу жалған актуарий қорытындысы берілген;
3) актуарий есептеулерiн жүргiзу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген;
4)
алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен;
5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.
2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.
Актуарийді лицензиясынан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-60/