О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (ерікті таратылуы);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша (мәжбүрлеп таратылуы) таратылуы мүмкiн. Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-65/