Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
66-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
О страховой деятельности · № 126
Ескерту. 66-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР
12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
мәжбүрлеп тарату рәсiмiне
қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 66-бапқа
өзгерістер енгізілді
- ҚР 2003.07.10 N 483;
12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-66/