Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
87-бап. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі және оның құзыреті
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі:
1) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар әрбір сақтандыру ұйымынан;
2) уәкілетті органнан бір-бір өкілден қалыптастырылады.
2. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сай келетін, сақтандыру омбудсманы лауазымына кемінде үш кандидат бар кандидаттардың тізімін бекіту;
2) құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисін) бекіту;
3) сақтандыру омбудсманының жылдық бюджетін, қызметінің қорытындысы туралы есепті бекіту және уәкілетті орган бекіткен міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері негізінде міндетті жылдық жарнаның мөлшерін айқындау;
4) уәкілетті органмен келісу бойынша сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;
4-1) сақтандыру омбудсманына сақтандыру көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың сақтандыру омбудсманының әрекеттеріне шағымдарын талдау және сақтандыру омбудсманының есептерін қарау қорытындысы бойынша оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;
5) уәкілетті органға сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхат жіберу;
6) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді –
ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-87/