Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру омбудсманы ретінде сайлау үшін:
1) жоғары заң білімі бар;
2) мінсіз іскерлік беделі бар;
3) сақтандыру саласында бес жылдан астам жұмыс өтілі бар;
4) бұрын уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.
Сот Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын адам сақтандыру омбудсманы болуға ұсынылмайды.
2. Сақтандыру омбудсманы қаржы ұйымдарында лауазымдардың кез келгенін атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.
Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді –
ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-88/