О страховой деятельности Қолданыста Заң ·№ 126 ·18.12.2000
03.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 03.07.2026 редакциясы

90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі

О страховой деятельности · № 126

1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
2. Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
3. Сақтандыру ұйымдарының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі оны сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болады.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды. Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-90/