Қолданыста
·
03.07.2026 редакциясы
89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері
О страховой деятельности · № 126
1. Сақтандыру омбудсманының:
1) өтініш берушінің өтінішін қарау үшін қажетті мәліметтерді сақтандыру ұйымдарынан сұратуға;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру омбудсманының қызметі туралы материалдарды жариялауға;
3) штат (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқығы бар.
2. Сақтандыру омбудсманы:
1) өз қызметінде осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа алуға;
2) дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің алдында өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп
беруге;
4) ақпарат пен мәліметтердің толықтығын, анықтығын және өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 89-бапқа өзгерістер енгізілді –
ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7832/st-89/