Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Ереже · № 187 · қабылданған 21.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78398/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества Күшін жойған Ереже ·№ 187 ·21.02.2014
02.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества

Күшін жойған Ереже ·№ 187 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества
Атауы (қаз.)
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187
Қабылданған күні
21.02.2014
Көрсетілген редакция
02.03.2015 78398_31932.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14LD004630
ЭКБ идентификаторы
78398
Редакция идентификаторы
78398_31932
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:47

0 Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы N 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қазалы аудандық мәслихатының

2014 жылғы "21" ақпандағы N 187
шешімімен бекітілген
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Қаланың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң аумағындағы ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2 2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

3 3. Бөлек жиынды қаланың, кенттің, ауылдық округтiң әкiмi шақырады. Қазалы ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

4 4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

7 7. Бөлек жиынды қала, кент, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

Қала, кент, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатураларын ауданның мәслихаты бекiткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиiстi қала, кент, ауылдық округі әкiмiнiң аппаратына бередi.

Қолданыстағы