Құжат мәтініне өту

О внесении некоторых изменений в административно-территориальное устройство Актюбинской области

Өзге акт · № 1 · қабылданған 29.05.1997
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-784/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении некоторых изменений в административно-территориальное устройство Актюбинской области Мәртебесі расталмаған Өзге акт ·№ 1 ·29.05.1997
14.08.2017 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении некоторых изменений в административно-территориальное устройство Актюбинской области

Мәртебесі расталмаған Өзге акт ·№ 1 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении некоторых изменений в административно-территориальное устройство Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының әкімшілік аумақтық құрылысына бірқатар өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
1
Қабылданған күні
29.05.1997
Көрсетілген редакция
14.08.2017 784_269082.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97C000014_
ЭКБ идентификаторы
784
Редакция идентификаторы
784_269082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:05

0 Ақтөбе облысының әкімшілік аумақтық құрылысына бірқатар өзгерістер енгізу туралы

Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын тиiмдi ету, басқару органдарын қаржыландыруға кететiн шығындарды азайту, қолда бар өндiрiстiк қуаттарды тиiмдi пайдалану және аймақтарды басқару мен олардың әлеуметтiкэкономикалық дамуына жақсы жағдай туғызу мақсатында облыстық мәслихат және облыс әкiмi шешiм еттi:
Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ақтөбе облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгертулер енгiзу туралы ұсыныс жасау, атап айтқанда:

1 1. - Әйтеке би ауданын;

- Ақтөбе ауданын;
- Мұғалжар ауданын тарату.
(Түсiнiктеме жазба қосып берiлген)

2 2. Шекараларын өзгерту;

- Ақтөбе қаласы аумағының құрамына Қарғалы және Благодарный ауылдық округтерiнiң, "Елек" өндiрiстiк кооперативiнiң, Ақшат ауылының, Құршасай ауылының, Белогорка ауылының, бұрынғы "Новый" кеншарының, Сазды және Ақтөбе су қоймаларының, таратылатын Ақтөбе ауданының N 8 Өсiмдiк кеншарының қалаға жапсарлас бөлiгiнiң аумақтарын енгiзу;
- Мәртөк ауданының,оның құрамына "Бұлақ" өндiрiстiк кооперативiнiң, таратылатын Ақтөбе ауданының "Хлебодаровка" және "Хазiрет" акционерлiк қоғамдарының аумақтарын енгiзу;
- Ленин ауданының, таратылатын Ақтөбе ауданының Пацаев және "Тыңның 40 жылдығы" өндiрiстiк кооперативiнiң аумақтарын енгiзу;
- Алға ауданының, оның құрамына таратылатын Ақтөбе ауданының "Аққұдық" өндiрiстiк кооперативiнiң аумағын (бұрынғы Ленин атындағы ұжымшар) және "Дәулет" өндiрiстiк кооперативiне қарасты жердiң бiр бөлiгiн енгiзу;
- Октябрь ауданының, оның аумағына таратылатын Мұғалжар ауданының аумағын қосу;
- Бөгеткөл ауданының, оның аумағына таратылатын Әйтеке би ауданының Бөгетсай және Тасөткел ауылдық округтерiнен басқа аумағын қосу;
- Хромтау ауданының,оның құрамына таратылатын Әйтеке би ауданының Бөгетсай және Тасөткел ауылдық оругтерiнiң аумақтарын енгiзу.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1992 жылғы 30 маусымда шыққан "Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заң күшiнiң экологиялық дағдарыс алдындағы аймаққа кiретiн бұрынғы Мұғалжар ауданының тұрғындарына да сақталуы өтiнiлсiн.

Қолданыстағы