Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Жангалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Жангалинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-3
- Қабылданған күні
- 13.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2021 78417_554380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZE003479
- ЭКБ идентификаторы
- 78417
- Редакция идентификаторы
- 78417_554380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:30
0 Жаңақала ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Жаңақала ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3 Жаңақала аудандық мәслихатының
2014 жылғы 13 наурыздағы № 16-3
шешiмiмен бекiтiлген
Жаңақала ауданының аумағында
бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi
қоғамдастық жиынына қатысу үшiн
ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй
тұрғындары өкiлдерiнiң санын
айқындау тәртiбi туралы
қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жаңақала ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастықтың жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Жаңақала ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртібін белгілейді.
2 2. Жаңақала ауданының аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Жаңақала ауданының ауылдық округтерінің әкiмдерi шақырады.
Жаңақала ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
5 5. Ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдық округтің әкiмi ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенің, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
7 7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнің кандидатураларын осы қағидамен айқындалған сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.