Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Теректинского района

Ереже · № 19-1 · қабылданған 05.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78420/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Теректинского района Күшін жойған Ереже ·№ 19-1 ·05.03.2014
28.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Теректинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 19-1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Теректинского района
Атауы (қаз.)
Теректі ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19-1
Қабылданған күні
05.03.2014
Көрсетілген редакция
28.12.2021 78420_554431.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ZL003482
ЭКБ идентификаторы
78420
Редакция идентификаторы
78420_554431
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:35

0 Теректі ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Теректі ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы бекiтiлсiн.

2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

3 Теректі аудандық мәслихатының

2014 жылғы 5 наурыздағы № 19-1
шешiмiмен бекiтiлген
Теректі ауданының аумағында
бөлек жергiлiктi қоғамдастық
жиындарын өткiзу және жергiлiктi
қоғамдастық жиынына қатысу үшiн
ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй
тұрғындары өкiлдерiнiң санын
айқындау тәртiбi туралы
қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Теректі ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастықтың жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Теректі ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртібін белгілейді.

2 2. Теректі ауданының аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Теректі ауданының ауылдық округтерінің әкiмдерi шақырады.

Теректі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi ауылдық округтің әкiмi ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенің, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

7 7. Бөлек жиынды ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

Ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнің кандидатураларын осы қағидамен айқындалған сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

3 3. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау

11 11. Теректі ауданының аумағында жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бір пайызы (бір өкілден кем емес) негізінде айқындалады.

Қолданыстағы