Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Айыртауского, Акжарского и Кызылжарского районов Северо-Казахстанской области

Өзге акт · № 4/3-134a · қабылданған 26.06.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7845/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Айыртауского, Акжарского и Кызылжарского районов Северо-Казахстанской области Қолданыста 26.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Айыртауского, Акжарского и Кызылжарского районов Северо-Казахстанской области

Қолданыста Өзге акт № 4/3-134a 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Айыртауского, Акжарского и Кызылжарского районов Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Ақжар және Қызылжар аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/3-134a
Қабылданған күні
26.06.2000
Көрсетілген редакция
26.06.2000 7845_236047.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00S000139_
ЭКБ идентификаторы
7845
Редакция идентификаторы
7845_236047
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:24
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Ақжар және Қызылжар аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде

Айыртау, Ақжар және Қызылжар ауданы мәслихаттары мен аудан әкімдерінің өтінімдері негізінде және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес облыстық мәслихаттың IV сессиясы мен облыс әкімі ШЕШІМ шығарды:

1. Айыртау ауданы бойынша:

- оның аумағын Қазан селолық округі құрамынан бөле және Қаратал, Шүкірлік, Сарыөзек, Ботай ауылдары мен Высокий селосын оның құрамына қоса отырып, Қаратал селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Қаратал ауылы айқындалсын;
- оның аумағын Антонов селолық округі құрамынан бөле және Карасевка, Орлинагорск селолары мен Бірлестік, Қызыләскер, Өскін ауылдарын және Сырымбет селолық округі құрамынан - Светлый селосын оның құрамына қоса отырып, Қамысақты селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Карасевка селосы айқындалсын;
- оның аумағын Имантау селолық округі құрамынан бөле және Лобанов, Заря селолары мен Әлжан, Шалқар ауылдарын оның құрамына қоса отырып,
Лобанов селолық округі құрылсын;
- оның аумағын Гусаковск селолық округі құрамынан бөле және Константиновка, Матвеевка және Төменгі бұрлық селолық округі құрамынан - Ақшолақ, Ақанбұрлық ауылдары мен Краснов селосын оның құрамына қоса отырып, Константиновск селолық округі құрылсын;

2. Ақжар ауданы бойынша:

- оның аумағын Алқатерек селолық округі құрамынан бөле және Айсары және Қызылағаш ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Айсары селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Айсары ауылы айқындалсын;
- оның аумағын Кішіқарағай селолық округі құрамынан бөле және Менжинск селосы мен Байтөс ауылын оның құрамына қоса отырып, Кенашы селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Менжинск ауылы айқындалсын;
- оның аумағын Талшық селолық округі құрамынан шығара және Қулыкөл және Қарашілік ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Қулыкөл селолық округі
құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Қулыкөл ауылы айқындалсын;
- оның аумағын Ұялы селолық округі құрамынан бөле және Майск селосы мен Жаңатұрмыс және Найзатомыр ауылдарын оның құрамына қоса отырып, Майский селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Майск селосы айқындалсын;
- аумағы 44568 га. Совхоз селолық округінің Қызылту ауылы Ленинград селолық округінің әкімшілік бағынысына берілсін.

3. Қызылжар ауданы бойынша:

- оның аумағын Вагулин селолық округі құрамынан бөле және Глубокий, Пресновка селоларын оның құрамына қоса отырып, Лесной селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Пресновка селосы айқындалсын;
- оның аумағын Березовск және Светлопольск селолық округтері құрамынан бөле және Пеньково, Березовка, Белый селоларын оның құрамына қоса отырып, Рощинск селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Пеньково селосы айқындалсын;

4. Айыртау, Ақжар, Қызылжар ауданы әкімдеріне (Әбілқайыров А.Ә., Оверко В.Г., Дмитриенко П.Г.) құрылып жатқан селолық округ аппараттарын ұстауға ассигнация іздестіріліп табылсын, екі айлық мерзімде аудандардағы әкімшілік-аумақтық өзгерістермен байланысты қажетті процессуалдық әрекеттер іске асырылсын.

5. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихат хатшысы Е.Ж. Әубәкіровке және облыс әкімі аппаратының басшысы Х.Қ. Әкімхановқа жүктелсін, атқарылуы туралы 2000 жылдың 1 қыркүйегінде хабарлансын.