Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории района Бәйтерек
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории района Бәйтерек
- Атауы (қаз.)
- Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-1
- Қабылданған күні
- 07.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2023 78477_657188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZG003485
- ЭКБ идентификаторы
- 78477
- Редакция идентификаторы
- 78477_657188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:34
0 Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берiлiп отырған Бәйтерек ауданының аумағында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3 Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары
Бәйтерек ауданы мәслихатының
2014 жылғы 7 наурыздағы
№ 22-1 шешiмiмен бекiтiлген
Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бәйтерек ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Бәйтерек ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағидамен айқындалған сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
13. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:
халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекенде 2 өкілге дейін;
халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекенде 4 өкілге дейін;
халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекенде 6 өкілге дейін.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:
құрамына 2-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 7 өкілге дейін;
құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 9 өкілге дейін;
құрамына 7-8 және одан көп ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін.