О повышении размеров пенсионных выплат из уполномоченной организации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении размеров пенсионных выплат из уполномоченной организации
- Атауы (қаз.)
- Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 321
- Қабылданған күні
- 04.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2014 AI78522_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000321
- ЭКБ идентификаторы
- 78522
- Редакция идентификаторы
- AI78522_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:11
0 Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 4,59 пайызына арттыру жүргізілсін.