Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 322 · қабылданған 04.04.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78523/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 322 ·04.04.2014
25.01.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 322 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
322
Қабылданған күні
04.04.2014
Көрсетілген редакция
25.01.2017 AI78523_10.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000322
ЭКБ идентификаторы
78523
Редакция идентификаторы
AI78523_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:11

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

­Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 4 сәу­ір­де­гі
№ 322 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

4

4. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiнде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттарының ауылдық, кенттiк кеңесiнiң, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамалары;";

1 1) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

"СТН________________," деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖСН_____________________,";
"Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын." деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.";

2 2) көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:

"Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын." деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.".

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6

6. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасында:
3-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Орталық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, ауыл әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланған адамдардың тізімдерін, ішкі істер органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.";
2) 1-қосымшада:
"Менің (СТН) ___________________ ӘЖК _____________________" деген жол алынып тасталсын;
"Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Төленетін ай сайынғы төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің өзгеруі, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығу, сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндеттенемін." деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін берілген біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдерді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.".

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

8 8. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қолданыстағы