Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Октябрьский города Лисаковска Костанайской области

Ереже · № 209 · қабылданған 20.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78552/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Октябрьский города Лисаковска Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 209 ·20.02.2014
24.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Октябрьский города Лисаковска Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 209 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Октябрьский города Лисаковска Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
209
Қабылданған күні
20.02.2014
Көрсетілген редакция
24.07.2014 78552_184707.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ND004540
ЭКБ идентификаторы
78552
Редакция идентификаторы
78552_184707
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:48

0 Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Октябрь кентінің әкімі
______________ В. Роот

3 Мәслихаттың

2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 209 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь
кентінің аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің (бұдан әрі – Октябрь кенті) аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь кентінің аумағында жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Октябрь кентінiң аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиыны (бұдан әрi - бөлек жиын) Октябрь кенті жергiлiктi қоғамдастығының жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2 2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

3 3. Бөлек жиынды Октябрь кентінiң әкiмi шақырады.

Лисаков қаласы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

4 4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5 5. Көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi Октябрь кентінің әкiмi ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

7 7. Бөлек жиынды Октябрь кентінің әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

Октябрь кентінің әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатураларын Октябрь кентінің көше, көппәтерлi тұрғын үйдің 40 тұрғынынан бір адам санымен бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Октябрь кенті әкiмiнiң аппаратына бередi.

Қолданыстағы