Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оплаты за оказанные медицинские услуги онкологическим больным в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Бұйрық · № 82 · қабылданған 11.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78565/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил оплаты за оказанные медицинские услуги онкологическим больным в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи Күшін жойған Бұйрық ·№ 82 ·11.02.2014
28.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оплаты за оказанные медицинские услуги онкологическим больным в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 82 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оплаты за оказанные медицинские услуги онкологическим больным в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи
Атауы (қаз.)
Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
11.02.2014
Көрсетілген редакция
28.07.2015 AI78565_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009261
ЭКБ идентификаторы
78565
Редакция идентификаторы
AI78565_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:54

0 Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларының 15-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (келісім бойынша) онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеуді жүзеге асыру кезінде Қағидаларды басшылыққа алсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Т.К. Нығыманов) тұрақты негізде «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесін ақпараттық-техникалық сүймелдеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

1 1) заңнамамен белгілеген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйырық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

7 7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

0 Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 11 ақпандағы
№ 82 бұйрығымен
бекітілген
Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды ескере отырып, (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) онкогематологиялық науқастарды қоспағанда, онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін айқындайды.

2

2. Қағидалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 15-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 7198 тіркелген) сәйкес әзірленген.

3 3. Осы Қағидалар үдерістің мынадай қатысушыларына:

онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар мен көп бейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелеріне (бұдан әрі – онкодиспансер);
онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алуды, олар үшін ақы төлеуді және бақылауды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына (бұдан әрі – ДСБ);
онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған нысаналы ағымдағы трансфертті енгізу мен пайдалануды үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетіне (бұдан әрі – МҚАК) және оның аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – МҚАК АД);
ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – МФҚБК АД);
онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ҚазОР ҒЗИ);
«Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі – ОНЭТ) ақпараттық жүйесін ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – РЭДО) және оның аумақтық филиалдарына (бұдан әрі – РЭДО АФ);
онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің құрылымы мен көлемін, онкологиялық диспансерлер қызметінің нәтижелерін талдауды, мониторингілеуді және онкологиялық қызметтің медициналық-экономикалық тиімділігін бағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ДДРО);
қаржы лизингі шарттарында онкодиспансерлерге одан әрі тапсыру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын «ҚазМедТех» АҚ (бұдан әрі - лизинг беруші);
«Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және тәуліктік стационар деңгейінде онкологиялық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсететін «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» акционерлік қоғамына қолданылады.

4 4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) бастапқы медициналық құжаттама – көрсетілген медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін пациенттер денсаулығының жай-күйі туралы деректерді жазуға арналған құжат;

2

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

3 3) есепті кезең – бір күнтізбелік айға (айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін) тең уақыт кезеңі;

4 4) қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссия – ДСБ осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін ДСБ, МҚАК АД және МФҚБК АД, РЭДО филиалдарының қызметкерлерінен құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

5

5) онкологиялық науқастарға медициналық көмек – қатерлі ісіктері бар науқастарды диагностикалау мен емдеуге (оның ішінде ДСБ бекіткен аурулар тізбесі бойынша ісік алды аурулары және қатерсіз ісіктері бар) және диспансерлік байқауға бағытталған, барлық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуді қамтитын медициналық қызметтердің кешені;

6

6) онкологиялық науқастың кешенді тарифі (бұдан әрі – кешенді тариф) – ДСБ атынан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен ОНЭТ-те тіркелген (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) онкогематологиялық науқастарды қоспағанда, бір онкологиялық науқасқа есептегенде ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер кешенінің құны;

7 7) онкологиялық науқастардың ортатізімдік саны – есепті кезеңнің әр күнтізбелік күні үшін ОНЭТ-те тіркелген онкологиялық науқастардың санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалатын есепті кезеңдегі орта есеппен онкологиялық науқастардың саны;

8 8) Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі – ОНЭТ) – деректері ТМККК-ны орналастыру және ақы төлеу кезінде пайдаланылатын онкологиялық патологиясы бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

5

5. Онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеу (бұдан әрі – ақы төлеу) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бөлген бюджет қаражатының шегінде ДСБ мен онкодиспансер арасында жасалған ТМККК көрсетуге арналған шарттың негізінде нысаналы ағымдағы трансфер түріндегі республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады.

6

6. Кешенді тариф Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 30 қарашадағы № 5946 тіркелген) сәйкес айқындалады.
Кешенді тариф онкологиялық науқастарды ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейді және оларды Әдістемеге сәйкес көрсетуге арналған шығыстарды қамтиды.
Кешенді тариф онкологиялық ауруы бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстарды қамтымайды. Бұл ретте, бірінші емдеуге жатқызу сәтінде балалардың жасы 18 жастан аспауы тиіс.

7 7. Онкодиспансер лизинг берушімен жасаған шарт бойынша сатып алынған медициналық техниканы пайдаланумен көрсету шартында ДСБ көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизингілік төлемдерге ақы төлеуді жүзеге асырады.

2 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу тәртібі

8 8. Онкодиспансердің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, онкологиялық науқастарды ОНЭТ-тетіркеуге, қайта тіркеуге және есептен алып тастауға жеке жауапкершілік жүктелген жауапты адамы (бұдан әрі – Онкодиспансердің жауапты адамы) күн сайын:

нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қазандағы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген өмірінде ісік немесе басқа қатерлі ісік диагнозы алғаш белгіленген науқас туралы хабарлама (090/е нысаны) және амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (025/е нысаны) немесе стационарлық науқастың (003/е нысаны) медициналық картасы;
азаматтық хал актілерінің жазбалары (бұдан әрі – АХАЖ органдары) органдарынан қайтыс болуы туралы мәліметтер;
онкологиялық науқастың басқа онкодиспансерге қайта тіркеу туралы жеке өтініші (ерікті нысандағы);
онкодиспансердің диспансерлік бөлімінің онкологиялық науқастың сауығуы туралы қорытындысы негізінде пациенттің онкодиспансерді еркін таңдауын есепке ала отырып, ОНЭТ-тегі онкологиялық науқастар бойынша мәліметтерді жаңартуды жүргізеді.

9 9. Онкологиялық науқастың қайтыс болуын ОНЭТ-те тіркеу мәліметтерін онкодиспансердің жауапты адамы онкологиялық науқастың қайтыс болуын АХАЖ органы тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей нақтылайды.

10 10. Онкодиспансердің химиотерапевт-дәрігері шектік бір реттік дозаны есепке ала отырып, химиопрепараттарды қолдану сызбасына сәйкес онкологиялық науқастың химиопрепараттарды нақты қолдануы бойынша деректерді ОНЭТ-ке енгізеді.

11 11. Онкодиспансердің жауапты адамы бастапқы медициналық құжаттамадан ОНЭТ-ке негізінде мыналар:

өмірінде ісік немесе басқа қатерлі ісік диагнозы алғаш белгіленген науқас туралы хабарлама(090/е нысаны);
диспансерлік (онко) байқаудың бақылау картасы (030-6/е нысаны);
онкологиялық стационардан шыққан адамның статистикалық картасы (066-2/е нысаны);
материалды цитологиялық зерттеуге жіберу жолданымы (027-3/е нысаны);
тәуліктік және күндізгі стационардан шыққан науқастардың жеке тізілімі;
амбулаториялық химиотерапия кабинетінде көрсетілген қызметтердің жеке тізілімі;
көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің жиынтық тізілімі;
қатерлі ісік аурулары бар науқастар мен қатерлі жаңа өскіндері аурулары туралы есеп (№ 7 нысан) қалыптастырылатын деректерді енгізеді.

12

12. Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдаланған жағдайда онкодиспансердің маманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 025/е нысанына қосымша түрінде онкологиялық науқасқа стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде 066-2/е нысанындағы қаржы лизигі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану парағын толтырады.
Онкодиспансердің маманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржы лизигі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану туралы жиынтық деректерді бастапқы медициналық құжаттамадан ОНЭТ-ке енгізеді.

13

13. Есепті кезең үшін ақы төлеу бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларымен көзделген қаражаттың шегінде кешенді тариф бойынша онкологиялық науқастардың ортатізімдік саны бойынша жүзеге асырылады.

14 14. Ақы төлеу көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижесін есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Қайтыс болған күні өткен есепті кезенде тіркелген онкологиялық науқастарды қайтыс болу себебі бойынша ОНЭТ-те есептен алған жағдайда ақы төлеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қайтыс болу күнін тіркеу күнінен бастап онкологиялық науқастың есепте тұрған әр күні үшін күніне кешенді тариф бойынша соманы шешіп алуды және экономикалық ықпал ету шараларын есепке ала отырып есепті кезеңде жүзеге асырылады.

15 15. Онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бағалау ОНЭТ-те автоматты түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға және экономикалық ықпал ету шараларына сәйкес жүзеге асырылады.

16 16. Онкодиспансердің стационарларындағы өлім жағдайларының сапасын бақылауды медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде МФҚБК АД жүзеге асырады.

МФҚБК АД сапаны бақылау нәтижесі бойынша есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың үш жұмыс күнінен кешіктірмей ДСБ жанындағы қызметтерге ақы төлеу бойынша комиссияға ұсынылатын онкологиялық науқастардың қайтыс болу жағдайы туралы сараптамалық тұжырымды ОНЭТ-те тіркейді.

17

17. МҚАК АД онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердің көлемін және бюджет қаражатының тиімді пайдалануын мониторингілеуді жүзеге асырады және ерікті нысандағы сараптамалық тұжырым қалыптастырады және есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың үш жұмыс күнінен кешіктірмей ДСБ-ға ұсынады.

18 18. Сапа мен көлемді бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес экономикалық ықпал ету шаралары қолданылады.

19 19. Онкодиспансер есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың бір жұмыс күнінен кешіктірмей ДСБ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ОНЭТ-те қалыптастырылған онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердің шот-тізілімін (бұдан әрі – шот-тізілім) жібереді.

Онкодиспансер шот-тізіліммен бірге тәуліктік және күндізгі стационардан шыққан науқастардың жеке тізілімін, амбулаториялық химиотерапия кабинетінде көрсетілген қызметтердің жеке тізілімін және көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің жиынтық тізілімін ұсынады.

20

20. ДСБ ОНЭТ-те шот-тізілімнің, МФҚБК АД және МҚАК АД сараптамалық тұжырымдарының негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша шартты орындау хаттамасын (бұдан әрі – орындау хаттамасы) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған қосымша қалыптастырады. Орындау хаттамасын және оған қосымшаны қызметтерге ақы төлеу бойынша комиссия қарайды және оған қол қояды.

21 21. Шартты орындау хаттамасының негізінде ОНЭТ-те осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір данасы онкодиспансерге тапсырылатын онкологиялық науқастарға көрсетілген орындалған қызметтер актісі (бұдан әрі – орындалған қызметтер актісі) қалыптастырылады.

22

22. Орындалған қызметтердің қол қойылған актілері бойынша ақы төлеуді ДСБ есепті кезең аяқталған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде (желтоқсанда 25-күніне дейін) ТМККК көрсетуге арналған шартта көзделген көлем мен мерзімде бұрын төленген аванстың бір бөлігін ұстап қалуды есепке ала отырып, онкодиспансердің есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ұстап қалуға немесе шешіп алуға тиісті бюджет қаражанының сомасы сапа мен көлемді бақылау нәтижесі бойынша ТМККК көрсетуге арналған шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде онкодиспансермен келесі өзара есеп айырысулар кезінде есепке алынады.

23

23. Онкодиспансер онкологиялық науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және олардың еркін таңдау құқығын іске асыру мақсатында ТМККК көрсетуге арналған негізгі шартпен көзделген соманың шегінде денсаулық сақтау ұйымдарымен, оның ішінде онкодиспансерлермен жасалған шарттар бойынша:
уәкілетті орган бекіткен тарификаторға сәйкес тарифтер бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін;
уәкілетті орган бекіткен бір емделіп шығу жағдайы үшін тарифтер бойынша көрсетілген стационарлық және стационарды алмастыратын көмек үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.

24 24. Онкодиспансер есепті кезеңінен кейінгі келесі айдың 30-шы күніне дейінгі мерзімде ОНЭТ-ке:

осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін кірістердің құрылымы бойынша ақпарат;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін шығыстардың құрылымы бойынша ақпарат;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлерге сараланған ақы төлеу бойынша ақпарат;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша ақпарат енгізеді.
ОНЭТ-те осы тармақпен көзделген ақпарат жоқ болған жағдайда ағымдағы есепті кезең үшін ақы төлеу көрсетілген деректерді енгізгенге дейін жүргізілмейді.

1 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану парағы

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану парағы

Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың ко­ды
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың ата­уы
Қыз­мет­тің то­лық ко­ды
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің ата­уы
Қыз­мет­тер­дің са­ны

2 Экономикалық ықпал ету шаралары

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Экономикалық ықпал ету шаралары
Ақа­удың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Эко­но­ми­ка­лық ық­пал ету ша­ра­сы
1.
Өлім жағ­дай­ла­ры (ал­дын алу­ға бо­ла­тын)
1 (бір) он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қас
ке­шен­ді та­риф­тің 6 есе­лен­ген мөл­ше­рі
2.
ОНЭТ-ке де­ректер­ді дұ­рыс, уақ­ты­лы және са­па­лы ен­гіз­беу және ОНЭТ де­ректе­ріне ақы тө­ле­у­ге ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың сәй­кес кел­ме­уі
1 (бір) он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қас
ке­шен­ді та­риф­тің 3 есе­лен­ген мөл­ше­рі
3.
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стың қай­тыс болған сәті­нен ба­стап 10 күн­нен ке­шік­ті­ріп, ОНЭТ-те қай­тыс бо­лу мә­лі­мет­те­рін уақ­ты­лы тір­ке­меу.
1 (бір) он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қас
Ке­шен­ді та­риф­тің мөл­ше­рі

3 Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер көрсеткені үшін ШОТ-ТІЗІЛІМ

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер көрсеткені үшін ШОТ-ТІЗІЛІМ
20 ___ жылғы «___» _________ №_______
20___ жылғы «___» _______ бастап 20___ жылғы «___» _______ дейінгі кезең
20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша
Денсаулық сақтау ұйымының атауы: ____________________________________
Бюджеттік бағдарламаның атауы: ______________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы:__________________________________
Айына бір онкологиялық науқасқа
арналған кешендік тариф: _______________ теңге
р/с №
Ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да ОНЭТ-те* тір­кел­ген он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың са­ны
Есеп­ке алын­ған он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың са­ны
Есеп­тен алын­ған он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың са­ны
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да ОНЭТ-те тір­кел­ген он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың са­ны
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың ор­та ті­зім­дік са­ны
Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ныл­ды (тең­ге)
Бар­лы­ғы
оның ішін­де бас­қа өңір­лер­ден
Бар­лы­ғы
оның ішін­де қай­тыс болған­да­ры
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­ға те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі шең­бе­рін­де ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер көр­се­ту, оның ішін­де:
1.1.
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бө­лі­не­тін транс­ферт­тер есебi­нен
х
х
х
х
х
х
х
1.2.
жер­гі­лік­ті бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен
х
х
х
х
х
х
х
Лизингілік төлемдер**
Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеу сомасы _________ теңге
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың ко­ды
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың ата­уы
Қыз­мет­тің то­лық ко­ды
Қыз­мет­тің ата­уы
1 қыз­мет­ке ар­нал­ған ли­зин­гі­лік тө­лем, тең­ге
Қыз­мет­тер­дің са­ны
Ақы тө­ле­у­ге ли­зин­гі­лік төлем­нің со­ма­сы, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
Бар­лы­ғы
Ақы төлеуге жиыны: ____________________________________________ теңге
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның (қыз­мет­тер бе­ру­ші­нің) бас­шы­сы:
_________________ /______________
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған
жағ­дай­да)/қо­лы)
(қа­ғаз та­сы­мал­да­уы­ш­та­ғы шот-ті­зі­лім үшін)
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның (қыз­мет­тер бе­ру­ші­нің) бас бух­гал­те­рі:
_________________ /______________
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған
жағ­дай­да)/қо­лы)
(қа­ғаз та­сы­мал­да­уы­ш­та­ғы шот-ті­зі­лім үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
20 ___ жылғы «_____» _______
Ескертпе:
*ОНЭТ – «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі
** қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада медициналық қызметтер көрсеткен жағдайда ұсынылады.

4 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шартты орындау хаттамасы 20 ___ жылғы «___» _________ №_______ 20__ жылғы «___» ___ бастап 20___ жылғы «___» ___ дейінгі кезең 20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шартты орындау хаттамасы 20 ___ жылғы «___» _________ №_______ 20__ жылғы «___» ___ бастап 20___ жылғы «___» ___ дейінгі кезең 20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша
Денсаулық сақтау ұйымының атауы: ____________________________________
Бюджеттік бағдарламаның атауы: ______________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы:__________________________________

р/с
Ата­уы
Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ны­л­ған со­ма, тең­ге
Ақы тө­ле­у­ге жат­пай­тын со­ма, тең­ге
Ақы тө­ле­у­ге қа­был­дан­ды, тең­ге
Жағ­дай­лар­дың са­ны
Со­ма­сы, тең­ге
Жағ­дай­лар­дың са­ны
Со­ма­сы, тең­ге
Жағ­дай­лар­дың са­ны
Сум­ма, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың ор­та­ті­зім­дік са­ны
2
Есеп­ті ке­зең­де­гі са­па­сы ба­қы­ла­удан өт­кен жағ­дай­лар, олар­дың ішін­де:
2.1.
Рас­тал­ды
2.2.
Рас­тал­ма­ды
3.
ОНЭТ-ке мә­лі­мет­тер­ді дұ­рыс, уақ­ты­лы және са­па­лы ен­гіз­беу және ОНЭТ де­ректе­ріне ақы тө­ле­у­ге ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың сәй­кес кел­ме­уі
4.
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стың қай­тыс болған сәті­нен ба­стап 10 күн­нен ке­шік­ті­ріп қай­тыс бо­лу мә­лі­мет­те­рін уа­қы­ты­лы тір­ке­меу.
Лизингтік төлемдер
Ата­уы
Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ны­л­ған қыз­мет­тер­дің са­ны
Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ны­л­ған ли­зинг­тік төлем­нің со­ма­сы, тең­ге
Ақы тө­ле­уден ше­шіп алу үшін қыз­мет­тер­дің са­ны
Ақы тө­ле­уден ше­шіп алу үшін ли­зинг­тік төлем­нің со­ма­сы
Ақы тө­ле­у­ге қа­был­дан­ған қыз­мет­тер­дің са­ны
Ақы тө­ле­у­ге қа­был­дан­ған ли­зинг­тік төлем­нің со­ма­сы, тең­ге
Қар­жы ли­зин­гі шар­тта­рын­да са­тып алын­ған ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны пай­да­ла­ну­мен бар­лы­ғы
Өзге төлемдер/шегерістер
р/с

Негіз­де­ме
Ко­мис­сия ше­ші­міне сәй­кес
Тө­лем­дер, со­ма тең­ге
Ше­ге­рі­стер, со­ма тең­ге
1
2
3
4
ЖИЫ­НЫ
Ақы төлеуге ұсынылғанның барлығы ______________________________ теңге
Ақы төлеуге қабылданғанның барлығы ____________________________ теңге
Комиссияның төрағасы: ________________________ /_____________________
(Т.А.Ә./қолы)
Комиссия мүшелері: __________________________ /______________________
(Т.А.Ә./қолы)
__________________________ /______________________
(Т.А.Ә./қолы)

5 Қайтыс болу мәліметтері ОНЭТ-те* уақтылы тіркелмеген онкологиялық науқастардың тізілімі

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қайтыс болу мәліметтері ОНЭТ-те* уақтылы тіркелмеген онкологиялық науқастардың тізілімі
20__ жылғы «___» ___ бастап 20___ жылғы «___» ___ дейінгі кезең
Айына бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф: _____ теңге
Күніне бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф: ____ теңге
р/с

Т.А.Ә.
Есеп­ке қой­ған күн
Қай­тыс бо­лу кү­ні
Есеп­тен ал­ған күн
Қай­тыс болған күн­нен кей­ін есеп­те болған күн­дер­дің са­ны
Ше­шіп алы­нуы ти­іс со­ма, тең­ге
бар­лы­ғы
оның ішін­де
есеп­тен уақ­ты­лы ал­ма­ға­ны үшін
Эко­но­ми­ка­лық ық­пал ету ша­ра­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Комиссия төрағасы: ________________________ /________________________
(Қолы/тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
(қағаз тасымалдауыштағы хаттама үшін)
Комиссия мүшелері: ________________________ /________________________
(Қолы/тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
(қағаз тасымалдауыштағы хаттама үшін)
_______________________ /_________________________
(Қолы/тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
(қағаз тасымалдауыштағы хаттама үшін)
_______________________ /_________________________
(Қолы/тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
(қағаз тасымалдауыштағы хаттама үшін)
20 ___ жылғы «_____» ____________
Ескертпе:
*ОНЭТ–«Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі

6 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі
20 ___ жылғы «___» _________ №_______
20___ жылғы «___» ____ бастап 20___ жылғы «___» ____ дейінгі кезең
20 ___ жылғы «___» ____ № ___ шарт бойынша
Денсаулық сақтау ұйымының атауы: ____________________________________
Бюджеттік бағдарламаның атауы: ______________________________________
Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы:__________________________________
Шарт бойынша жалпы құны _______________________________________ теңге
Төленген аванстың жалпы сомасы ________________________________ теңге
Ақы төленген (көрсетілген) қызметтердің жалпы сомасы __________ теңге
Шартқа сәйкес ағымдағы жылға арналған лизингілік төлемдердің жалпы
сомасы ________________________________________________________ теңге
Айына бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф ________ теңге
р/с

Ата­уы
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңы­на ОНЭТ-те* тір­кел­ген он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың са­ны
Есеп­ті ке­зе­ңі­нің со­ңын­да ОНЭТ-те тір­кел­ген он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­дың ор­та­ті­зім­дік са­ны
Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ныл­ды, тең­ге
Ақы тө­ле­у­ге қа­был­дан­ды, тең­ге
1
2
3
4
5
6
1.
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­ға те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­лі­ген кө­ле­мі шең­бе­рін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту, оның ішін­де:
1.1.
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бө­лі­не­тін транс­ферт­тер есебi­нен
Х
х
1.2.
жер­гі­лік­ті бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен
Х
х
Лизингілік төлемдер**
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың ко­ды
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың ата­уы
Ақы тө­ле­у­ге ұсы­ныл­ды, тең­ге
Ақы тө­ле­у­ге қа­был­дан­ды, тең­ге
Қыз­мет­тер­дің са­ны
Ақы тө­ле­у­ге ли­зин­гі­лік төлем­нің со­ма­сы (тең­ге)
Қыз­мет­тер­дің са­ны
Ақы тө­ле­у­ге ли­зин­гі­лік төлем­нің со­ма­сы (тең­ге)
Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеу сомасы _____________________________ теңге
Бұрын төленген авансты ұстап қалу үшін сома ___________________ теңге
Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге орындаушыға аудару үшін
сома __________________________________________________________ теңге
оның ішінде лизингілік төлемдерді өтеу ________________________ теңге
Келесі кезеңде ұстап қалуға тиіс бұрын төленген аванстың
қалдығы _______________________________________________________ теңге
Тап­сы­рыс бе­ру­ші
__________________________________
(ата­уы)
Қыз­мет­тер бе­ру­ші
_______________________________
(ата­уы)
Бас­шы ____________/_______________
(Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол
болған жағ­дай­да)/қо­лы)
(қа­ғаз та­сы­мал­да­уы­ш­та­ғы акт үшін)
Бас­шы ___________/_____________
(Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол
болған жағ­дай­да)/қо­лы)
(қа­ғаз та­сы­мал­да­уы­ш­та­ғы акт
үшін)
Мөр­дің ор­ны (қа­ғаз та­сы­мал­да­уы­ш­та­ғы акт үшін)
Мөр­дің ор­ны (қа­ғаз та­сы­мал­да­уы­ш­та­ғы акт үшін)
Ескертпе
*ОНЭТ – «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі
** қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада медициналық қызметтер көрсеткен жағдайда ұсынылады.

7 Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсету кезіндегі кірістердің құрылымы

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсету кезіндегі кірістердің құрылымы
20__ жылғы «___» ____ бастап 20___ жылғы «___»_____ дейінгі кезең
20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша
______________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)
р/с

Қыз­мет­тің ата­уы
Кі­ріс көз­де­рі, мың тең­ге
БАР­ЛЫ­ҒЫ
Бюд­жет қа­ра­жа­ты
Бю­жет­тен тыс қа­ра­жат­тың есе­бі­нен
НАТ тү­рін­де­гі РБ қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен
жер­гі­лік­ті бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен
А
Б
1
2
3
4
1
Есеп­ті ке­зең­де­гі кі­ріс, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
Он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­ға ТМККК шең­бе­рін­де ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер көр­се­ту
Бас­қа он­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­мен шарт бой­ын­ша он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­ға ТМККК шең­бе­рін­де ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер көр­се­ту
Ха­лық­тың ны­са­на­лы топ­та­ры­на скри­нинг­тік зерт­те­улер өт­кі­зу
...бас­қа қыз­мет­тер (көр­се­ту)
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
басшысы: _____________________________ /_____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
бас бухгалтері: _________________________ /__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдауыштағы нысан үшін)   20__ жылғы «__» ___

8 Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсету кезіндегі шығыстардың құрылымы

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидасына
8-қосымша
Нысан
Онкологиялық науқастарға медициналық қызметтер көрсету кезіндегі шығыстардың құрылымы
20___ жылғы «___» _______ бастап 20___ жылғы «___» _______ дейінгі кезең
______________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)

р/с
Шы­ғы­стар­дың ата­уы
Өт­кен жыл үшін шы­ғы­стың бар­лы­ғы, мың тең­ге (кас­са­лық)
Бір ай­да­ғы шы­ғы­стар (мың тең­ге)
Бар­лы­ғы
бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен
бюд­жет­тен тыс қа­ра­жат­тың есе­бі­нен
Бар­лы­ғы
бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен
бюд­жет­тен тыс қа­ра­жат­тың есе­бі­нен
А
Б
1
2
3
4
5
6
Ке­зең­нің ба­сын­да­ғы кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
х
х
х
оның ішін­де
жа­ла­қы бой­ын­ша
дә­рі-дәр­мек­тер мен бас­қа ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы заттар бой­ын­ша
Ке­зең­нің со­ңын­да­ғы кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
х
х
х
оның ішін­де
жа­ла­қы бой­ын­ша
дә­рі-дәр­мек­тер мен бас­қа ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы заттар бой­ын­ша
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қа­ра­жат­тың қал­ды­ғы
Кі­рі­стің бар­лы­ғы
Шы­ғы­стың бар­лы­ғы
I
Ағым­да­ғы шы­ғы­стар
1
Жа­ла­қы
1.1
Ең­бе­ка­қы тө­леу
оның ішін­де
Дә­рі­гер­лер
Ор­та мед. пер­со­нал
Кі­ші мед. пер­со­нал
Бас­қа­ла­ры
1.2
Қо­сым­ша ақ­ша­лай тө­лем­дер (сый­а­қы және са­ра­лан­ған ең­бе­ка­қы, ең­бек ақы­ға бір рет­тік жәр­де ақы, мат.кө­мек)
Дә­рі­гер­лер
Ор­та мед. пер­со­нал
Кі­ші мед. пер­со­нал
Бас­қа­ла­ры
оның ішін­де са­ра­лан­ған ақы
Дә­рі­гер­лер
Ор­та мед. пер­со­нал
Кі­ші мед. пер­со­нал
Бас­қа­ла­ры
1.3
Өте­ма­қы­лық тө­лем­дер
2
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа мін­дет­те­ме­лер
2.1
Әле­умет­тік са­лық
2.2
Әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру мем­ле­кет­тік қо­ры­на әле­умет­тік ауда­ру­лар
2.3
Мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған жар­на­лар
3
Та­у­ар­лар­ды са­тып алу
3.1
Та­мақ өнім­де­рін са­тып алу
3.2
Дә­рі-дәр­мек­тер мен ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бас­қа заттар­ды са­тып алу, оның ішін­де:
тар­гет­тік пре­па­рат­тар*
хи­мио­пре­па­рат­тар*
ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­ды дә­рі­лік заттар­мен қам­та­ма­сыз ету*
3.3
бас­қа та­у­ар­лар­ды са­тып алу
оның ішін­де жұм­сақ мүк­кә­мал са­тып алу
4
Ком­му­нал­дық және өзге қыз­мет­тер
4.1
ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
ыстық, суық су­ға, кә­різ­ге
газ, электр қу­а­ты­на
жы­лу энер­ги­я­сы­на
4.2
бай­ла­ныс қыз­мет­те­ріне ақы тө­леу
4.3
өзге қыз­мет­тер мен та­у­ар­лар, со­ның ішін­де
им­му­но­ги­сто­хи­ми­я­лық зерт­те­улер
гам­ма­те­ра­те­пи­я­лық ап­па­рат­тар үшін кө­зін ал­ма­сты­ру
сәу­ле­лік ап­па­рат­қа сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту
кадр­лар­дың бі­лік­тікті­лі­гін арт­ты­ру және олар­ды қай­та да­яр­ла­у­ға
он­ко­ло­ги­я­лық на­у­қа­стар­ға бас­қа он­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер көр­сет­кен қыз­мет­тер үшін ақы тө­леу (өза­ра есеп ай­ы­ры­су)
5
Бас­қа ағым­да­ғы шы­ғын­дар
5.1
Ел ішін­де іс­са­пар­лар мен қыз­мет­тік са­пар­лар
оның ішін­де кадр­лар­дың бі­лік­тікті­лі­гін арт­ты­ру және олар­ды қай­та да­яр­ла­у­ға
5.2
Ел­ден тыс жер­лер­ге іс­са­пар­лар және қыз­мет­тік ба­ру­лар
оның ішін­де кадр­лар­дың бі­лік­тікті­лі­гін арт­ты­ру және олар­ды қай­та да­яр­ла­у­ға
5.3
бас­қа ағым­дық шы­ғын­дар
6
Ли­зин­гі­лік тө­лем­дер
II
Негіз­гі құ­рал­дар­ды са­тып алу
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
басшысы: _____________________________ /_____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
басшысы: _________________________ /__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдауыштағы нысан үшін)   20__ жылғы «__» ___

9 Қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу бойынша ақпарат

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу бойынша ақпарат
20___ жылғы «___» _____ 20___ жылғы «___» ____ дейінгі кезең
______________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы
р/с

Ата­уы
Қыз­мет­кер­лер­дің нақ­ты са­ны (адам)
Ең­бе­ка­қы қо­ры (мың тең­ге)
оның шін­де қо­сым­ша ақ­ша­лай тө­лем­дер, мың тең­ге
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де са­ра­лан­ған ең­бе­ка­қы ал­ған­дар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­ра­лан­ған ең­бе­ка­қы тө­ле­у­ге
А
Б
1
2
3
4
БАР­ЛЫ­ҒЫ, оның ішін­де:
1
Дә­рі­гер­лік пер­со­нал
оның ішін­де: ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де­гі дә­рі­гер­лік пер­со­нал
2
Фар­ма­цев­тер (жо­ға­ры бі­лі­мі бар), про­ви­зор­лар
3
Ор­та ме­ди­ци­на пер­со­на­лы
оның ішін­де: ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де­гі ор­та ме­ди­ци­на пер­со­на­лы
4
Кі­ші ме­ди­ци­на пер­со­на­лы
5
Бас­қа пер­со­нал
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
басшысы: _____________________________ /_____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
бас бухгалтері: _________________________ /__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы шот-тізілім үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдауыштағы нысан үшін)   20__ жылғы «__» ___

10 Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша ақпарат

Онкологиялық науқастарға тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша ақпарат
20___ жылғы «___» _____ бастап 20___ жылғы «___» ____ дейінгі кезең
______________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы
р/с

Ата­уы
Бар­лы­ғы, адам
оның ішін­де:
Со­ма­ның бар­лы­ғы (мың тең­ге)
оның ішін­де:
Дә­рі­гер­лер (адам)
Фар­ма­цевттер (жо­ға­ры бі­лі­мі бар), про­ви­зор­лар (адам)
Ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі (адам)
Ор­та фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рі
(адам)
Ме­ди­ци­на­лық емес ма­манды­ғы бар ма­ман­дар
(адам)
бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен
бюд­жет­тен тыс қа­ра­жат­тың есе­бі­нен
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Ма­ман­дар­дың бар­лы­ғы, олар­дың ішін­де:
х
1.1
бі­лік­ті­лі­гін арт­тыр­ды
1.2
қай­та да­яр­ла­удан өт­ті
ЖИЫ­НЫ
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
атауы: _____________________________ /_____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы нысан үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының (қызметтер берушінің)
бас бухгалтері: _________________________ /__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
(қағаз тасымалдауыштағы нысан үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдауыштағы нысан үшін)   20__ жылғы «__» ___

Қолданыстағы