Құжат мәтініне өту

Об утверждении отраслевой рамки квалификаций в сфере "Строительная индустрия"

Бұйрық · № 32 · қабылданған 10.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78584/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении отраслевой рамки квалификаций в сфере "Строительная индустрия" Күшін жойған Бұйрық ·№ 32 ·10.02.2014
28.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении отраслевой рамки квалификаций в сфере "Строительная индустрия"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 32 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении отраслевой рамки квалификаций в сфере "Строительная индустрия"
Атауы (қаз.)
"Құрылыс индустриясы" саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32
Қабылданған күні
10.02.2014
Көрсетілген редакция
28.05.2015 AI78584_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009198
ЭКБ идентификаторы
78584
Редакция идентификаторы
AI78584_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:55

0 "Құрылыс индустриясы" саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріп отырған «Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 32 бұйрығымен бекітілді
«Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі- СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).

2 2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және құрылыс индустриясы саласы мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен берілгенін растайтын жүйеге негіз болып табылады.

3 3. СБШ пайдаланушылардың әр топтарына арналған (жұмыс беруші, білім беру және азаматтарға):

1 1) кәсіби және білім стандарттарын әзірлеу кезінде барлық білім беру деңгейінің мамандары мен бітірушілерінің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды бірыңғай ұстаныммен сипаттау;

2 2) химия саласындағы мамандардың және білім берудің барлық деңгейін бітірушілердің біліктілігінің сәйкестігі мен берілуін растайтын рәсімдерін өткізу және бағалау материалдарын әзірлеу;

3 3) тиісті біліктілікті меңгеруге апаратын, мансаптың жоғарылауын, біліктілік деңгейдің арттыруды жоспарлау.

4 4. СБШ-да қолданатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;

2 2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

3 3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;

4 4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік;

5 5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

6 6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

7 7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану).

5 5. СБШ осы аталған СБШ-ның 1-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.

СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:

1 1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:

пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
білімнің инновациялығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

2 2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:

кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

3 3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:

басшылықтың қоластындағы қызмет;
қызметті өз бетінше орындау;
басқаларды басқару.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).

6 6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.

7 Құрылыс индустриясы саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрылымы

7. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әр түрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы осы аталған СБШ-ның 2-қосымшасында көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
«Құрылыс индустриясы»
саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Құрылыс индустриясы саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрылымы
ҰБШ дең­гейі
СБШ дең­гейі
Кә­сіп­тік қыз­мет са­ла­сы: ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді (шы­ны және шы­ны­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар, ке­ра­ми­ка­лық бұй­ым­дар, еден үсті жа­бы­ны, ка­фель, че­ре­пи­ца, тер­ра­кот бұй­ым­дар, ши­кі­заттан дай­ын бұй­ым­ға дей­ін це­мент пен сы­лау, әр­леу та­стар және бас­қа ми­не­рал­ды өнім) өн­ді­ру
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­ре­тіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Бі­лі­гі мен дағдыс­ы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Бі­лі­міне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
1
1
Дер­бес­ті­гі: өн­ді­рі­стік мін­дет­тер­ді орын­дау ба­ры­сын­да өте тө­мен дер­бес­тік дең­гей­ін­де то­лық бас­шы­лық жа­са­ла­тын жұ­мыс.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: жұ­мыстар­дың орын­да­луы; өз қа­уіп­сіз­ді­гі және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау үшін.
Күр­де­лі­лі­гі: нұс­қа­улық бой­ын­ша жұ­мыс іс­теу
Үл­гі­лік күр­де­лі емес прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды, өзін-өзі ба­қы­лау және өзін-өзі бас­қа­ра бі­лу дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді
Ең­бек мәні, оны өзгер­ту про­це­сте­рі және ти­іс­ті орын­да­у­шы­лық іс-қи­мыл­дар цик­лы ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім
2
2
Дер­бес­ті­гі: та­ныс жағ­дай­лар­да бел­гі­лі бір дер­бес­тік болған­да бас­шы­лық ету­мен жа­са­ла­тын жұ­мыс; бас­шы­лық ету­мен оқы­ту.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: қа­ра­пай­ым тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­лу нәти­же­ле­рі үшін; өз қа­уіп­сіз­ді­гі және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі үшін; қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау та­лап­та­рын орын­дау; өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау; жұ­мыста­рың қа­ра­пай­ым түр­ле­рін орын­дау (жұ­мыс ор­нын, құ­рал-сай­ман­дар­ды, құ­ры­л­ғы­лар­ды, ЖҚҚ дай­ын­дау және б.) үшін.
Күр­де­лі­лі­гі: қа­ра­пай­ым үл­гі­лік тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу
Үл­гі­лік күр­де­лі емес прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды, қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­да өзін-өзі ба­қы­лау және өзін-өзі бас­қа­ра бі­лу дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді
Ең­бек мәні, үл­гі­лік қа­ра­пай­ым тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зу құ­рал­да­ры мен жол­да­ры ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім
3
3
Дер­бес­ті­гі: үл­гі­лік жағ­дай­лар­да дер­бес жұ­мыстар­ды және күр­де­лі жағ­дай­лар­да бас­шы­лық ету­мен кә­сі­би қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру, оқы­ту­ды өз бе­тін­ше ұй­ым­да­сты­ру
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: жұ­мыстар­дың орын­да­лу нәти­же­ле­рі үшін; өз қа­уіп­сіз­ді­гі және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі үшін; қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау та­лап­та­рын сақ­тау, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді өн­ді­ру үшін.
Күр­де­лі­лі­гі: үл­гі­лік прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау; бі­лім және тә­жі­ри­бе негі­зін­де бел­гі­лі болған іс-қи­мыл­дар тә­сі­лін таң­дау
Стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды, жос­пар­лау, қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­дау тә­сіл­де­рін таң­дай бі­лу дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді
Ең­бек мәнін тех­но­ло­ги­я­лық өзгер­ту, ең­бек­ті жос­пар­лау және ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы бі­лім
4
4
Дер­бес­ті­гі: ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз бе­тін­ше бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру мен ба­қы­ла­уды көз­дей­тін бас­шы­лық ету­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: нор­ма­ның іс­ке асы­ры­лу нәти­же­ле­рі үшін; өз қа­уіп­сіз­ді­гі және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі үшін; қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау та­лап­та­рын сақ­тау үшін; өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді өн­ді­ру үшін.
Күр­де­лі­лі­гі: жұ­мыс жағ­дай­ла­рын өз бе­тін­ше тал­да­уды та­лап ете­тін түр­лі үл­гі­лік прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу.
Алын­ған тап­сыр­ма­лар­ды нақ­ты­лай­ды, ба­ғы­ны­шты­лар­дың мін­дет­те­рін бел­гі­лей­ді, қыз­мет­те­рі­нің нәти­же­сін ба­ға­лай­ды, бі­лі­мі мен дағ­ды­лар­дың же­тіс­пе­у­ші­лі­гін анық­тай­ды, қыз­мет­кер­лер­ді кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру­ға ын­та­лан­ды­ра­ды
Кә­сі­би мін­дет­тер­ді ше­шу және бел­гі­леу тә­сіл­де­рі, прин­ципте­рі және амал­да­ры, қа­рым-қа­ты­нас эти­ка­сы мен пси­хо­ло­ги­я­сы, ең­бек уәж­де­ме­сі және ең­бек­ке ын­та­лан­ды­ру тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
5
5.1
Дер­бес­ті­гі: кә­сі­по­рын қыз­ме­ті­нің тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс учас­ке­сі мен стра­те­ги­я­сы ше­гін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: өз ең­бе­гін ба­ға­лау және же­тіл­ді­ру, өзі­нің оқуы және бас­қа­лар­ды оқы­ту үшін; өз қа­уіп­сіз­ді­гі және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі үшін; қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау та­лап­та­рын сақ­тау үшін; өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді – жар­ты­лай фаб­ри­кат­ты өн­ді­ру үшін.
Күр­де­лі­лі­гі: жұ­мыс жағ­дай­ла­ры өзгер­ме­лі түр­лі жағ­дай­лар­да ше­шім та­бу тә­сіл­де­рін таң­дау негі­зін­де прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
Тап­сы­ры­сты тү­сіне бі­лу, жағ­дай­ды және өзі­нің іс-қи­мыл­да­рын тал­дай бі­лу, ше­шім қа­был­дау және олар­ды іс­ке асы­ру­ға жағ­дай жа­сау, ко­ман­да­лық жұ­мыс, бас­қа­ру­шы­лық және орын­да­у­шы­лық кә­сіп­қой­лық­ты жо­ға­ры­ла­ту тұр­ғы­сы­нан қыз­мет­ті ба­қы­лау және тү­зе­ту дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді
Кә­сі­би жағ­дай­лар­ды жүй­е­лік тал­дау және жо­ба­лау әдіс­на­ма­сы, бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дер­ді қа­был­дау тә­сіл­де­рі, ұжым және ұжым­дық құ­ры­лым ту­ра­лы бі­лім
5.2
Дер­бес­ті­гі: кә­сі­по­рын қыз­ме­ті­нің тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс учас­ке­сі мен стра­те­ги­я­сы ше­гін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: өз ең­бе­гін ба­ға­лау және же­тіл­ді­ру, өзі­нің оқуы және бас­қа­лар­ды оқы­ту үшін; өз қа­уіп­сіз­ді­гі және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі үшін; қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау та­лап­та­рын сақ­тау үшін; өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді – дай­ын өнім­ді өн­ді­ру үшін
Күр­де­лі­лі­гі: жұ­мыс жағ­дай­ла­ры өзгер­ме­лі түр­лі жағ­дай­лар­да ше­шім та­бу тә­сіл­де­рін таң­дау негі­зін­де прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
6
6.1
Дер­бес­ті­гі: жұ­мыстар­ды бас­қа учас­ке­лер­мен ке­лі­сіп жа­са­уды көз­дей­тін, кә­сі­по­рын қыз­мет­ті­нің стра­те­ги­я­сы шең­бе­рін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: ма­ңы­зды өзге­рі­стер­ге неме­се да­му­ға әке­луі мүм­кін қыз­мет про­це­сте­рін жос­пар­лау және әзір­леу үшін, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру үшін, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді – жар­ты­лай фаб­ри­кат­ты өн­ді­ру үшін
Күр­де­лі­лі­гі: ше­шім қа­был­дау тә­сіл­де­рін таң­да­уды және олар­дың әр түр­лі­лі­гін көз­дей­тін мін­дет­тер­ді ше­шу­ге ба­ғыт­тал­ған қыз­мет­тер.
Бел­гі­сіз­ді­гі жо­ға­ры әле­умет­тік және кә­сі­би жағ­дай­лар­да жо­ба­лау және ше­шім қа­был­дау, өзін-өзі бас­қа­ру мә­де­ни­е­ті, ком­му­ни­ка­ци­я­ны ұй­ым­да­сты­ру және көз­қа­рас­тар­ды ке­лі­су, нәти­же­лер­ді ре­сім­деу және олар­мен та­ны­сты­ру, за­ма­на­уи бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер мен тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді
Әле­умет­тік және кә­сі­би күр­де­лі жағ­дай­лар­да бір­ле­сіп тал­дау, жо­ба­лау және ше­шім қа­был­дау әдіс­на­ма­сы, ком­му­ни­ка­ци­я­ны ұй­ым­да­сты­ру және көз­қа­рас­тар­ды ке­лі­су, ана­ли­ти­ка­лық және жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ны ре­сім­деу және та­ны­сты­ру тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
6.2
Дер­бес­ті­гі: жұ­мыстар­ды бас­қа учас­ке­лер­мен ке­лі­сіп жа­са­уды көз­дей­тін кә­сі­по­рын қыз­ме­ті­нің стра­те­ги­я­сы шең­бе­рін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: ма­ңы­зды өзге­рі­стер­ге неме­се да­му­ға әке­луі мүм­кін қыз­мет про­це­сте­рін жос­пар­лау және әзір­леу үшін, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру үшін, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді – дай­ын өнім­ді өн­ді­ру үшін
Күр­де­лі­лі­гі: ше­шім қа­был­дау тә­сіл­де­рін таң­да­уды және олар­дың әр түр­лі­лі­гін көз­дей­тін мін­дет­тер­ді ше­шу­ге ба­ғыт­тал­ған қыз­мет­тер.
7
7.1
Дер­бес­ті­гі: са­ла құ­ры­лы­мы­ның жұ­мыс іс­теу және да­му стра­те­ги­я­сын құ­ру­ды көз­дей­тін бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: ма­ңы­зды өзге­рі­стер­ге неме­се да­му­ға әке­луі мүм­кін қыз­мет про­це­сте­рін жос­пар­лау және әзір­леу үшін, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру үшін, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді – жар­ты­лай фаб­ри­кат­ты өн­ді­ру және іш­кі на­рық­та өт­кі­зу үшін
Күр­де­лі­лі­гі: да­му мін­дет­те­рін ше­шу, жа­ңа тә­сіл­дер­ді әзір­леу, әр түр­лі әді­стер­ді пай­да­ла­ну­ды көз­дей­тін қыз­мет
Мін­дет пен про­бле­ма­лар­ды қою, ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер­ді, тұ­жы­рым­да­ма жа­сау және қыз­мет стра­те­ги­я­сы әді­сте­рін қол­да­на оты­рып, олар­ды жүй­е­лі түр­де ше­шу дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді
Тұ­жы­рым­да­ма­ны, стра­те­ги­я­ны, қыз­мет­тің функ­ци­о­нал­дық мо­дель­де­рін құ­ру әдіс­на­ма­сын, ак­мео­ло­ги­я­лық әді­стер­ді қол­да­на оты­рып, мін­дет­тер мен про­бле­ма­лар­ды қою мен жүй­е­лі түр­де ше­шу тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
7.2
Дер­бес­ті­гі: са­ла құ­ры­лы­мы­ның жұ­мыс іс­теу және да­му стра­те­ги­я­сын құ­ру­ды көз­дей­тін бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: ма­ңы­зды өзге­рі­стер­ге неме­се да­му­ға әке­луі мүм­кін қыз­мет про­це­сте­рін жос­пар­лау және әзір­леу үшін, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру үшін, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді – жар­ты­лай фаб­ри­кат­ты өн­ді­ру және сырт­қы на­рық­та өт­кі­зу үшін
Күр­де­лі­лі­гі: да­му мін­дет­те­рін ше­шу, жа­ңа тә­сіл­дер­ді әзір­леу, әр түр­лі әді­стер­ді пай­да­ла­ну­ды көз­дей­тін қыз­мет
8
8.1
Дер­бес­ті­гі: са­ла­ның мем­ле­кет­тік ауқым­да­ғы ірі ин­сти­ту­ци­о­нал­дық құ­ры­лым­да­ры­ның жұ­мыс іс­теу мен да­му стра­те­ги­я­сын құ­ру­ды көз­дей­тін бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: ма­ңы­зды өзге­рі­стер­ге неме­се да­му­ға әке­луі мүм­кін қыз­мет про­це­сте­рін жос­пар­лау және әзір­леу үшін, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру үшін, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді дай­ын өнім­ді өн­ді­ру және іш­кі на­рық­та өт­кі­зу үшін
Күр­де­лі­лі­гі: да­му мін­дет­те­рін ше­шу, жа­ңа тә­сіл­дер­ді әзір­леу, әр түр­лі әді­стер­ді пай­да­ла­ну­ды көз­дей­тін қыз­мет
Жүй­е­лік және стра­те­ги­я­лық ой­ла­уды, ло­ги­ка­лық әді­стер­ді, кә­сі­би қыз­мет пен өза­ра іс-қи­мыл­дың мо­дель­де­рін құ­ру мен орын­дау әді­сте­рін қол­да­на оты­рып, өза­ра ти­ім­ді ше­шім­дер­ді қа­был­дау дағдыс­ын көр­се­те­ді
Қыз­мет­тің және өза­ра іс-қи­мыл­дың ко­опе­ра­тив­тік жүй­е­ле­рін құ­ру, мак­ро­әле­умет­тік және мак­ро­эко­но­ми­ка­лық жүй­е­лер­ді үл­гі­леу және бас­қа­ру әдіс­на­ма­сы ту­ра­лы бі­лім
8.2
Дер­бес­ті­гі: Са­ла­ның мем­ле­кет­тік ауқым­да­ғы ірі ин­сти­ту­ци­о­нал­дық құ­ры­лым­да­ры­ның жұ­мыс іс­те­ту мен да­му стра­те­ги­я­сын құ­ру­ды көз­дей­тін бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі: ма­ңы­зды өзге­рі­стер­ге неме­се да­му­ға әке­луі мүм­кін қыз­мет про­це­сте­рін жос­пар­лау және әзір­леу үшін, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сіп­қой­лы­ғын арт­ты­ру үшін, өн­ді­ріс құ­рал­да­рын дай­ын­дау, ми­не­рал­дық негіз­де­гі ме­талл емес өнім­ді дай­ын өнім­ді өн­ді­ру және сырт­қы на­рық­та өт­кі­зу үшін
Күр­де­лі­лі­гі: да­му мін­дет­те­рін ше­шу, жа­ңа тә­сіл­дер­ді әзір­леу, әр түр­лі әді­стер­ді пай­да­ла­ну­ды көз­дей­тін қыз­мет
«Құрылыс индустриясы»
саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
Ти­іс­ті дең­гей­де­гі бі­лік­ті­лік­ке қол­жет­кі­зу жол­да­ры
1
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе не/неме­се жұ­мыс ор­нын­да қы­сқа мер­зім­ді оқы­ту (нұс­қау) не/неме­се ба­ста­уы­штан кем емес ор­та бі­лі­мі болған кез­де қы­сқа мер­зім­ді кур­стар.
2
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе не/неме­се негіз­гі ор­та бі­лім­нен кем емес жал­пы ор­та бі­лі­мі болған кез­де кә­сі­би да­яр­лау (бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі негі­зін­де қы­сқа мер­зім­ді кур­стар неме­се кор­по­ра­тив­ті бі­лім бе­ру) не/неме­се ере­сек­тер­ді қай­та да­яр­лау.
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе не/неме­се жал­пы ор­та бі­лім неме­се негіз­гі ор­та бі­лім­нің негі­зін­де тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз жал­пы ор­та бі­лім болған кез­де кә­сі­би да­яр­лау (бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рі­нің негі­зін­де бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша кур­стар неме­се кор­по­ра­тив­ті оқы­ту).
4
Жо­ға­ры дә­ре­же­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық) және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (неме­се ор­та­дан кей­ін­гі бі­лім), қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық неме­се же­ке­ле­ген жағ­дай­лар­да жо­ға­ры бі­лім (же­ке­ле­ген ма­ман­дық­тар бой­ын­ша ба­ка­лаври­ат), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
6
Жо­ға­ры бі­лім,
ба­ка­лаври­ат, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
7
Жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім.
Ма­ги­стра­ту­ра (иге­рі­л­ген ба­ка­лаври­ат бағ­дар­ла­ма­сы негі­зін­де), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. Ба­ка­лаври­ат және қо­сым­ша кә­сі­би бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
8
Жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім (ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша ма­ги­стр­дың ака­де­ми­я­лық сте­пен­ди­я­сын алу­ға же­те­лей­тін бағ­дар­ла­ма­лар, фи­ло­со­фия док­тор­ла­ры (PhD) және бей­і­ні бой­ын­ша док­тор­лар не/неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе). Ма­гистр неме­се ма­ман дай­ын­да­удың иге­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­сы, қо­сым­ша кә­сі­би бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және са­ла­лық, са­ла­ара­лық, ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де қо­ғам­дық және кә­сі­би та­ны­лу.

Қолданыстағы