Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы

Қаулы · № 15 · қабылданған 03.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78586/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы Күшін жойған Қаулы ·№ 15 ·03.02.2014
08.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы

Күшін жойған Қаулы ·№ 15 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
03.02.2014
Көрсетілген редакция
08.08.2016 AI78586_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009246
ЭКБ идентификаторы
78586
Редакция идентификаторы
AI78586_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:00

0 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы № 283 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8005 тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінде № 852-856 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2014 жы­л­ғы 3 ақ­пан­да­ғы
№ 15 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы (бұдан әрі – Өңірлік қаржы орталығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.

2 2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі

2

2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің (бұдан әрі – эмитент) қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы құжаттарды қарауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жүзеге асырады.

3

3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігі аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – аудитке жұмсалған шығындарды өтеу) Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – айлық есептік көрсеткіш) он екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерін эмитенттің өтінішінде көрсетілген оның ағымдағы шотына ұлттық валютада ақша аудару арқылы бір рет жүзеге асырылады. Өтелуі тиіс соманың есебі аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы тиісті шешім қабылданған күні айқындалады.

4 4. Аудитке жұмсалған шығындар бағалы қағаздары алғаш рет қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген эмитенттерге өтеледі.

Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу туралы шешімді Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі қабылдайды.

5 5. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу:

1 1) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құраса;

2 2) эмитенттің листингтік алымдарды төлеумен байланысты шығыстары айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құраса;

3

3) аудитті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8462 тіркелген, "Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 87 қаулысымен (бұдан әрі – № 87 қаулысы) белгіленген талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізсе;

4 4) эмитенттің жүргізілген аудиті бойынша аудиторлық ұйым қызметінің құны айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрт мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құраса жүзеге асырылады.

6 6. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеу үшін Ұлттық Банкке Қағидалардың қосымшасына сәйкес аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш), сондай-ақ мына құжаттар:

1 1) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;

2 2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі (құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде эмитентке қайтарылады);

3 3) аудиторлық ұйымның № 87 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы;

4 4) Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес эмитенттің аудит жүргізу құқығына шектеудің жоқтығы туралы аудиторлық ұйымның жазбаша растамасы;

5 5) эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;

6 6) эмитенттің қаржылық есептілігі туралы аудиторлық есептің нотариат куәландырған көшірмесі;

7 7) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

8 8) жасалған мәмілелер бойынша жиынтық ведомосімен бірге Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талапқа эмитенттің сәйкес келуі туралы қор биржасының жазбаша растамасы;

9 9) құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат ұсынылады.

Бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың артқы жағында эмитент басшысының қолы қойылып және мөрмен куәландырылып беріледі.

7 7. Өтініш күнтізбелік жылғы қаңтардың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 сәуірге дейін қабылданады.

8 8. Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі Ұлттық Банкте эмитенттің өтініші тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.

9 9. Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1 1) эмитент бағалы қағаздарының Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талапқа сәйкес келмеуі;

2 2) эмитенттің Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы;

3 3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы;

4 4) ұсынылған құжаттардың Аудиторлық қызмет туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Өңірлік қаржы орталығы туралы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10 10. Ұлттық Банк Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша аудитке жұмсалған шығындарды өтеуден бас тартады.

Өтініш берушіге Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның өңір­лік қар­жы
ор­та­лы­ғы­ның ар­найы са­уда ала­ңы­на
жі­бе­рі­л­ген ба­ға­лы қа­ға­з­дар эми­тент­те­рі­нің
қар­жы­лық есеп­ті­лі­гі ауди­тіне жұм­сал­ған
шы­ғын­дар­ды өтеу қа­ғи­да­ла­ры­на
қо­сым­ша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Алматы қаласы 20__ жылғы "__" _______ № ____
_____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
_____________________________ арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық
(бірінші басшының тегі, аты-жөні және лауазымы)
Банкінен 20 __ жылғы "__" ____ бастап 20 __ жылғы "__" ______________
аралығында __________________________________ аудиторлық ұйымы жүзеге
(мекенжайын көрсете отырып аудиторлық ұйымның толық атауы)
асырған қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды өтеуді сұрайды.
_____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызметтер
көрсетуге арналған 20__ жылғы "__" ________ № ____ шарттың жасалғанын;
2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындардың 20__ жылғы
"__" _____ төленгенін ______________________________________________;
(аудитке жұмсалған шығыстардың төленгенін растайтын құжат, нөмірі және күні)
3) _________ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
(бағалы қағаздардың атауы)
арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен 20__ жылғы "__"
_________ мөлшерінде орналастырылғанын;
4) аудиторлық ұйымның біздің ұйыммен үлестес емес екендігін
және "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес аудит жүргізуге құқықтары шектелмейтінін растайды.
_______________________________ төлемді мынадай деректемелер бойынша
(бағалы қағаздардың эмитенті - өтініш берушінің толық атауы)
жүзеге асыруды сұрайды: _____________________________________________
(ЖСК, БСН, БЕК және бенефициардың атауы, БСН, БСК және банктың атауы)
________________________________________________ _____________
(бірінші басшының тегі,аты-жөні және лауазымы) (қолы)
Мөрінін орны

Қолданыстағы