Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Өзге акт · № 27/6 · қабылданған 06.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78598/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 27/6 ·06.03.2014
30.09.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 27/6 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27/6
Қабылданған күні
06.03.2014
Көрсетілген редакция
30.09.2022 78598_595097.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KC002578
ЭКБ идентификаторы
78598
Редакция идентификаторы
78598_595097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:34

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Теміртау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Келесі жағдайлар белгіленсін:

1 1) мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

2 2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3

3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.

4

4. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің жетекшісі
Ю. Ким
2014 жылғы 7 наурыз

Қолданыстағы