О Правилах содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Мунайлинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Мунайлинского района
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/228
- Қабылданған күні
- 27.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 78608_17773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14M0002388
- ЭКБ идентификаторы
- 78608
- Редакция идентификаторы
- 78608_17773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:41
0 Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнің 3 бабының 2 тармағына, 311 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімге қоса тіркеліп отырған Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Мұнайлы аудандық
аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
И. Көшкінбаев
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ш. Хамиев
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А. Досжанов
27 ақпан 2014 жыл
3 Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 15/228 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды
ұстау және серуендету қағидалары туралы
1 1. Жалпы ереже
1 1. Мұнайлы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы (әрi қарай - Қағида) Мұнайлы ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібін белгілеу мақсатымен әзiрленген.
2 2. Қағида меншiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға (қызметтiк иттер және тәлiмбақтары бар құқық қорғау органдарының мекемелері мен ұлттық қауіпсіздік органдарының кинологиялық қызметтерінен басқа) бiрдей таратылады.
3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтік актілеріне сәйкес әзiрленген.
2 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
4
4. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бiр адамға тапсыру, барлық көлiк түрлерiмен аудан iшiнде тасымалдау әрекеттерi құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егiлген уақыты белгiленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Иттер мен мысықтарды елдi мекендерден тысқары жерлерге тасымалдау кезiнде және басқа аймақтардан әкелген жағдайда, иелерi жануардың денсаулығы және егу жұмыстарының жүргiзiлгендiгi жөнiнде, яғни жұқпалы ауруларға қарсы 12 айдан аспаған мерзiмде не болмаса жолға шығардан 30 күн бұрын егiлгендiгi жөнiндегi мәлiмет толтырылған ветеринарлық куәлiгi болуы тиiс.
Тұрғындарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесiлi иттердiң барлық түрлерi үш айлық мерзiмiнен бастап құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы егiлуi және гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиiс.
Мысықтар туылғаннан екi айлық мерзiмнен бастап адамдар мен жануарларға бiрдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес микроспорияға қарсы егiлуге, гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiстi.
5 5. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық-гигиеналық, гигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда рұқсат етiледi:
1 1) бiр ғана от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
2 2) бiрнеше от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзiне тиесiлi аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келiсiмiмен);
3 3) мекемелерде, ұйымдарда иттердi байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауiптілік келтiрмейтiн және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
6
6. Көп қабатты, көп пәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасына, жеке тұрғын үйлер мен оларға жапсарлас жер телімдерінде гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда, үлкен және орта мөлшердегi екі ересек ит пен үш мысықты, үш айлық мерзiмге дейiнгi күшiктердi ұстауға рұқсат етiледi. Үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне берiлуi немесе қараусыз иттер мен мысықтарды ұстаумен және аулаумен айналысатын мекемелерге тапсырылуы тиiс.
7
7. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын (ас әзiрлеуге арналған бөлмелерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, үйдiң шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және жеке тұрғын үйлердің маңында, қонақ үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде ұстауға тыйым салынады.
8 8. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен және санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелерi итiмен немесе мысығымен бiрге тұрақтай алады.
9
9. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оларға тиесiлi аумақтарда жердiң заңды иегерiнiң рұқсатымен немесе басқа да өкiлеттi тұлғаның келiсiмiмен ұстауға болады. Иттер жақсы қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдауына мүмкiндiк тудырмайтын аумақта ұсталуы тиiс. Осы аумақта иттiң бары жөнiнде кiреберiсте 20х30 сантиметр көлемiндегi, иттiң суретi бар «Ит күзетедi!» «Охраняется собакой!» деген жазуы бар ескерту тақта қойылуы шарт.
10 10. Жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егiлмеген иттер мен мысықтарды ұстауға тыйым салынады.
11 11. Иттер мен мысықтарды олардың терiсiн пайдалану, етiн өңдеу, сату, тұтыну үшiн өсiруге не болмаса аулауға тыйым салынады.
12
12. Мұнайлы ауданының аумағында иттердiң төбелесiн ұйымдастыруға және өткiзуге, жануарларға қарсы қатыгез әрекеттер жасауға мүмкiншiлiк беретiн басқа да iс-шараларды өткiзуге тыйым салынады (қызметтегi, күзетке арналған иттердiң жұмыс қабiлеттiлiгiн тексеру мақсатында, иттердiң жарақат алмауын ескеретiн, дұрыс тұқымдық сұрыптауға арналған арнайы ережелер бойынша тексерулерден басқа).
13 13. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер мен мысықтар, кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткеннен басқасы, бұралқы деп есептеледi және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызмет арқылы мiндеттi аулауға жатады.
Қадағалаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
3 3. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi ұстау
14 14. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн ит түрлерiне шоқтығының биiктiгi 50 сантиметрден жоғары иттер жатады.
15 15. Балаларға және 16 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге, сонымен қатар денсаулық жағдайы қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi серуенге шығаруға тыйым салынады.
16 16. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi тұрғын-үй пайдалану органдарының жергiлiктi атқарушы органдармен келiстiрiлген, иттердi серуендетуге арналған арнайы орындарынан басқа қоғамдық және көпшiлiк демалыс орындарына әкелуге тыйым салынады.
4 4. Иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың ретi
17 17. Иелерi иттердi серуенге шығарғанда келесi талаптарды орындауы тиiс:
1
1) иттердi тұмылдырықпен (декоративтi ит түрiнен басқасы) және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен, Қағидадағы 18-тармақта көрсетiлген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаны мазаламай, кедергi келтiрмей ертiп жүруге және серуенге шығаруға болады. Егерде мұндай орындар болмаса серуендету бос жерлерде жүзеге асырылады;
2 2) иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергiлiктi атқарушы органдары, пәтер иелерi кооперативтерi бекiткен еркiн серуен алаңдарында серуендеуге болады. Егер мұндай орындар болмаса, серуендету бос жерлерде іске асырылады;
3 3) иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнына аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген жетон бекiтiлген қарғыбау тағуы керек. Иесiнiң тiлегi бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет болуы мүмкiн;
4
4) иттер мен мысықтарды қоғамдық көлiктерде тасымалдау көлiктiң артқы алаңдарында, жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда жүзеге асырылуы тиiс. Иттердiң декоративтi түрлерiн және мысықтарды сөмкеде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады. Науқас иттер мен мысықтарды қоғамдық көлiкте тасымалдауға тыйым салынады;
5 5) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердiң маңында серуендету кезiнде иттердiң иелерi 23:00 мен 06:00 сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етуi тиiс;
6
6) тыйым салған ескерту белгiсi жоқ мекемелер мен азық-түлiк сатпайтын дүкендерде, поштада және тағы басқа орындарда иелерi иттерiн қысқа мойын жiпте және тұмылдырықта ертiп жүруге болады. Кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер нысандарға иттi ертiп келуге қарсы ескерту белгiлерiн қоюымен қатар иттердi байлап қалдыратын орындар жарақтауы қажет;
7
7) иттi қысқа мойын жiппен және тұмылдырықпен, өздiгiнен шешiлiп кетпейтiндей, иесi ғимараттың iшiнде уақытша болған мерзiмге, егер де ит басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәртiптi бұзбайтын, қозғалыстарға және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Осы кезде ит жүргiншiлердiң жүрiп тұруына кедергi болмауы керек;
8 8) ит қоғамдық орындарда қарғыбаусыз тек қана қызметтiк тапсырмаларды орындау кезiнде ғана жүре алады.
18 18. Иттердiң иелерiне мынадай шектеулер қойылады:
1 1) құтырма ауруына қарсы егiлмеген және токсоплазмозға тексерiлмеген иттердi серуендетуге;
2 2) жануарларды рұқсат етiлген немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейiнгi және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерiнiң, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңдарында, тыйым салынған ескерту белгiсi бар жерлерде серуендетуге;
3 3) иттер мен мысықтарды жағажайда серуендетуге, көпшiлiк шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға;
4 4) көзi нашар көретiн адамды жетектеушi иттен басқа иттердi қоғамдық тамақтану кәсiпорындарына, азық-түлiк дүкендерiнiң сауда жасау және өндiрiстiк орындарына, сервистiк қызмет көрсету мекемелерi мен мәдениет мекемелерiне әкелуге, ұстауға;
5 5) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетiн жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, сондай-ақ көзi нашар көретiн адамды жетектеушi иттерден басқа, жануарлармен бiрге болуға.
19 19. Иесi мас болған жағдайда иттер мен мысықтарды ертiп жүруге және көпшiлiк орындарына әкелуге, көлiкте алып жүруiне тыйым салынады.
5 5. Ит пен мысық иелерi
20 20. Иттер мен мысықтардың иелерi құқық мәртебесіне және меншiктік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды осы Қағидадағы талаптарға сәйкес күтіп ұстауды амтамасыз етеді.
21 21. Иттер мен мысықтар иесiнiң меншiгi болып табылады және кез-келген меншiк ретiнде заңмен қорғалады.
22
22. Ит немесе мысық жұқпалы аурулар түрiмен ауырған деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес иесiнен алынуы мүмкiн. Егер ит ауру емес деп танылса, онда ол иесiне қайтарылуы тиiс. Сонымен қатар, ит немесе мысық адамға жарақат келтiрген жағдайларда, қауып алғанда, адамға жұғатын аурулардың немесе қауiптi аурулардың болуын тексеру үшiн иелерiнен алынуы мүмкiн.