Об определении объема субсидий на субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям по районам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении объема субсидий на субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям по районам
- Атауы (қаз.)
- Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 11.03.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2015 78618_18224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14U0002601
- ЭКБ идентификаторы
- 78618
- Редакция идентификаторы
- 78618_18224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:32
0 Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. «Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2215-нөмірінде тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2013 жылдың 8 ақпанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
8 Облыс әкімінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 3 шешіміне қосымша
Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған cубсидиялар көлемі
№
Аудандар атауы (облыстық маңызы бар қала)
Жылдық лимит, мың текше метр
Субсидия көлемі, мың теңге
1
Қазығұрт
65710
2604
2
Мақтарал
493858
141916
3
Ордабасы
39000
2467
4
Отырар
78800
13911
5
Сарыағаш
100500
2982
6
Шардара
1084300
98761
7
Түркістан
15500
17359
Жиыны:
1877668
280000