Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Комаровского сельского округа Денисовского района Костанайской области

Ереже · № 22 · қабылданған 28.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78660/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Комаровского сельского округа Денисовского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 22 ·28.02.2014
31.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Комаровского сельского округа Денисовского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 22 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Комаровского сельского округа Денисовского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
28.02.2014
Көрсетілген редакция
31.10.2019 78660_429317.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NH004550
ЭКБ идентификаторы
78660
Редакция идентификаторы
78660_429317
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:37

0 Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Денисов
ауданы Комаров ауылдық
округінің әкімі
____________ Р. Ілкеева

4 Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 22 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Комаров ауылдық округінің аумағындағы ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Комаров ауылдық округінің әкімі шақырады.

Денисов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Комаров ауылдық округінің ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Комаров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Комаров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Комаров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Комаров ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

17 Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 22 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің Комаровка ауылының тұрғындары үшін
41

Қолданыстағы