Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новошумного сельского округа Федоровского района Костанайской области

Ереже · № 210 · қабылданған 27.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78672/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новошумного сельского округа Федоровского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 210 ·27.02.2014
22.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новошумного сельского округа Федоровского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 210 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новошумного сельского округа Федоровского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
210
Қабылданған күні
27.02.2014
Көрсетілген редакция
22.12.2016 78672_152604.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NT004562
ЭКБ идентификаторы
78672
Редакция идентификаторы
78672_152604
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:41

0 Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса берілген Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Новошумный ауылдық
округінің әкімі
__________ Ю. Клочко

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 210 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Новошумный ауылының тұрғындарына
65
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің Старошумный ауылының тұрғындарына
15

5 Мәслихаттың

2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 210 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидасы

1 1. Жалпы ереже

1

1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Новошумный ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Новошумный ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Новошумный ауылдық округтің әкімі шақырады.

Федоров ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Новошумный ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Новошумный ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Новошумный ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Новошумный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Новошумный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Новошумный ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Новошумный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы